Түркістан: Полиция департаменті жанынан құрылған фронт-офиске мыңнан астам азамат өтініш білдірген
Түркістан облысы Полиция департаменті жанынан құрылған фронт-офистер қарқынды жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ аумақтық полиция бөліністерінде бірыңғай үлгі бойынша азаматтарды қабылдау үшін Түркістан облысы Полиция департаментінде халықтық-кеңселер ашылып, азаматтарды қабылдауда.