Түркістан облысы: Түлкібаста Мекемтас Мырзахметұлына шығармашылық үй тарту етілді

Түлкібас ауданында бүкіл қазақ еліне үлгі боларлықтай игілікті іс орын алды. Есімі елімізге танымал ғалым, Ұлы ақын Абай Құнанбаевты, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлын бай мұрасын терең зерттеген Мекемтас Мырзахметұлына торқалы тоқсан жастан асқан уақытында туған жері Майтөбе ауылынан демеушілер есебінен шығармашылық үй жерлестерінің атынан тарту етілді.

Түркістан облысы: «Рухани Керуен» Түлкібасқа ат басын бұрды

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жер жәннаты – Жетісу жерінен киелі Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданына келіп жетті.

Түркістан облысы: Түлкібаста атаулы әлеуметтік көмектің арқасында шаруашылыққа ден қойған әйелдер бар

Түлкібастық көпбалалы аналар мемлекет қолдауына иек артып, мал асырап жан бағуда. Әсіресе, өз арбасын өзі сүйрейтін еңбек адамдары үшін бұл - жақсы мүмкіндік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 4 балалы аналар жыл соңына дейін миллион теңгеден астам қаржы алады. Бұл бағытта қазір жан-жақты жұмыс жүріп жатыр.

Түркістан облысы: Мақтааралда іскер әйелдердің қатары артып келеді

Бизнес биігінен көрінген нәзікжандылар қатары күн санап артып келеді. Әсіресе ауылды аймақтарда іскер әйелдердің қарасы қалың. Себебі, мемлекеттен қолдау мол. Бір ғана Мақтарал ауданының өзінен жыл басынан бері 680 азамат кәсіптік сауатын ашқан. Бүгінде мелекеттік бағдарлама аясында 235 жоба қаржыландырылған.

Түркістан облысы: арыстық отбасы қоныс тойын тойлады

Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен үйлердің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Сүріліп қайта салынған кезекті баспананы ақтөбеліктер Кенжебековтар отбасына табыстады. 16 миллион теңгеге тұрғызылған үйге қоныстанғандардың қуанышында шек жоқ.

Жетісайда жәрдемақының жаңа форматы түсіндірілді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі түсіндірілді. Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жұмағали Төреқұл бастаған топ елді мекендерді аралауды бастады.