Түркістан: Саурандықтар экоакцияға шықты

Сауран ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аталып өтті. Бастама аясында Оранғай ауылдық округінде экологиялық тазалық шарасы өтті.

Отырар ауданында «28 маусым - Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында экологиялық сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырғаны белгілі. Осы мақсатта Отырар ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «28 маусым - табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Арыстағы тағы бір ауылға табиғи газ берілді

Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекені үшін – тарихи күн. Шалғай ауылдың тұрғындары көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Ауыл жұртшылығының қуанышын бөлісуге қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып, тұрғындарды осы айтулы сәтпен құттықтады.

Түркістан: Бәйдібек ауданы әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.