Жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші мекеме қатысып, 136 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында білім және денсаулық сақтау салаларының ұйымдары, сондай-ақ «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясына қарасты KAP Logistics ЖШС филиалы, «Волковгеология» АҚ ГБЭ-5, «Казатомпром-SaUran» ЖШС және өзге де кәсіпорындар бар.
Айта кетейік, жәрмеңкеге пробация есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, алимент бойынша берешегі бар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысты. Нәтижесінде 86 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 6 мүгедектігі бар азамат еңбекке тартылды. Сонымен қатар, шара барысында мемлекеттік грант арқылы өз кәсібін ашқан тұрғындар өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат