Бейсенбі, 16 Қазан 2025 17:25

Созақ ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

Бүгін «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, «Ауыл» партиясының мүшелері, сала ардагерлері мен еңбеккерлері қатысты. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, орман саласының маңыздылығын айшықтаған бейнеролик көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов орман шаруашылығы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, табиғатты қорғау мен көгалдандыру ісіне қосқан үлестері үшін сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, облыстық басқарма мен кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ «Ауыл» партиясы фракциясының өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар үздік мамандарды марапаттады.

Мерекелік кеш барысында жас өнерпаздар ән мен күй орйындап, өнерлерін паш етті. Орман шаруашылығында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагерлер әріптестерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет