Түркістанда құс фермасы іске қосылады

Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм ауылында 5 мың құсы бар тауық фермасы іске қосылады2019 жылдың қазан айында Жаушықұм ауылының тұрғыны Құралбек Дүйсебаев Талдықорған қаласынан 5 мың бас балапан сатып әкеліп, арнайы қорада күтіп-баптаған. Сол балапандардың басым бөлігі енді бірер күнде алғашқы жұмыртқасын бере бастамақ. Шаруа күніне шамамен 4,5 мың дана жұмыртқа алуды жоспарлап отыр.

Жетісайлық шаруа лимон өсіріп, миллионер болды

Түркістан облысы Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 сотық (1 мың шаршы метр) лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті.

Түркістан облысында «Smart-мектеп» жобасы қолға алынды

Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы 3 бірдей оқу орнында «Smart-мектеп» жобасын енгізуді қолға алды. Аталған жоба мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мен оқу ордаларындағы жүйелерді автоматтандыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы тұрғын үй құрылысы нысандарының сапасын тексерді

 Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында биыл пайдалануға берілетін тұрғын үй құрылысы нысандарын аралап, сапасын тексерді. Бүгінде шаһардың әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14 тұрғын үйдің, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің және  Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үй бой көтерген. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы екі ауысымда жүргізілуде.

«Шардара су электр станциясында" жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысындағы Шардара су электр станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, өнім қуаттылығы 26 пайызға артты. Жөндеу жұмыстарына дейін 100 мВТ электр энергиясын өндіріп келсе, қазір өндіріс көлемі 126 мВт-қа жеткен. Нәтижесінде өңірді тоқ күшімен қамту деңгейі 14 пайызға өскен.