Түркістан облысындағы қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелер шешімін тапты

Nur Otan партиясының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде 10-нан астам тұрғынның өтініші тыңдалды. «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе« жобасы аясында халықты партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қабылдады.

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы қалыпты, тұрақты бақылауда. Тұрғындарға келер қауіп жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлім етті.

Түркістан облысында 1.8 мыңға жуық нәзік жанды мемлекеттік қызметте еңбек етеді

   

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов және департамент басқармасының басшысы    Н.Шынтаев өңірдегі мемлекеттік қызмет пен қызметшілердің жай-күйіне тоқталды.

Мақтааралдық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен ірі қараны бордақылау ісін ұлғайтып отыр

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны Тыстыбай Срайлов мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ұлғайтты. Ол 2013 жылы «Құдайберген» шаруа қожалығын құрып, ірі қараны бордақылау ісін қолға алған. Кәсіпкер шағын кәсібін ұлғайту үшін 2018 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында төмен пайызбен 29,4 млн. теңге несие алған. Бүгінде сол қаржының көмегімен мал басы санын 150-ге жетікізіп отыр.

Өмірзақ Шөкеев: Шардараны дамытуға күш саламыз

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты.

Түркістан облысы Түлкібаста дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті

Ата-баба дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған саятшылар мерекесі бұл жолы әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.

Түркістан облысында алғаш рет шетелдік автокөліктерге сары нөмір берілді

Түркістан облысы, Сайрам ауданының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлік иелері алғаш рет Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерін уақытша тіркеуден өткізді.