Шардаралықтар "Еңбек" бағдарламасының жемісін көріп отыр

Шардара ауданының тұрғыны Бауыржан Әліпбаев «Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы аясында жеке кәсібін ашты. Бұған дейін егін шаруашылығымен айналысқан ол, бүгінде мемлекеттік бағдарламаның арқасында грант ұтып алып, дәнекерлеуші жұмысын да қолға алған.

Жетісайлық ұста жігіт АЕК-тің арқасында дәнекерлік кәсібін дөңгелетіп отыр

Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Жемісті ауылының тұрғыны Ербол Исхақов 5 баланың әкесі. Бүгінде жары Гүлсінай екеуі ауылдағы бұрынғы ескі мектептегі жатаққананың екі бөлмесінде тұрып жатыр. Әйелі жұмыссыз яғни үй шаруасы мен бала күтімінде. Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 500 мың теңгеге жуық қаржы алып, өзінің армандап жүрген дәнекерлеу аппаратын барлық керек-жарағымен сатып алыпты.

Сарыағаш ауданында жылыжай көлемі 664 гектарға жетті

 

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылыжай көлемі 664 гектарға жетті. Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім көлемі 66 млрд 705 млн теңгеге жоспарланса, бұл көрсеткіш өткен жылдың қортындысымен 77 млрд 111 млн теңгеге жетті.

Түркістан облысы: Отырарда бірнеше әлеуметтік нысан салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысы, Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанаты өтті. Шәуілдір ауылындағы аз қамтылған отбасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген тұрғын үйіне барған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов отбасы мүшелеріне сый-сияпат жасап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Түркістан: Келесте шаруалар мен диқандарға өнім алудың тәсілдері туралы семинар ұйымдастырылды

Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі «Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен ауылдық округтер әкімдері, аудандағы шаруа, диқандарының қатысуымен семинар өтті.

Түркістан: Қазығұртта дін, руханият пен мәдениет төңірегінде келелі жиын өтті

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Қазығұрт ауданында да көрініс тапты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан тұрғындары мен дін өкілдері қатысты.

Түркістан: Төлеби ауданында «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері» ашылды

Төлеби ауданында алғаш рет «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері» ашылды. Онда ерекше балалар мен олардың отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандар тегін көмек береді. Әр орталықта ерекше білім беруді қажет ететін 300-ден астам бала жиналған.

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған іс-шаралар өтті

Түркістан облысында «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің және «Түркістан - адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынды.