Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы базарларда қауіпсіздік пен санитарлық тазалық нормалары тексеруден өткізілді

Жетісай ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына барынша жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылып, жасалатын бизнестің заңды, адал болуы қатаң назарға алынған. Рұқсатсыз ашылған сауда орындарының қызметін тоқтатуға, бақша мен көкөністердің құрамында нитратты заттардың талапқа сәйкестігін, сауда орындарының өрт және техника қауіпсіздігін тексеруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, заң талаптарына сәйкес шара көру, базар аумағындағы санитарлық тазалық пен құрылыс нормаларын сақтау мақсатында аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен арнайы жұмысшы тобы құрылып, рейдтік шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Түркістан облысы: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Түркістан өңірінде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында орналасқан Орталық саябақ жаңартылып, заманауи ойын-сауық алаңшасы пайдалануға берілді. Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданынан 250-ге жуық құс түрі ұшып өтеді

Табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданы – түрлі өсімдіктер өсетін және аң-құстар мекендейтін киелі мекен. Сондай-ақ қарт Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан аудан аумағы арқылы 250-ге жуық құс миграциясы өтеді.

Түркістан облысында «Күміс жас» жобасы аясындағы жұмыстар жүйелі

Түркістан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. 2023-2025 жылдар аралығында жобаға жолданған азаматтардың ішінен 4688 адам 2026 жылы да қызметін жалғастыруда. Бұл көрсеткіш аталған бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді. Ал 2026 жылға белгіленген жоспар бойынша 1100 азаматты жұмыспен қамту көзделген болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар толықтай орындалып отыр. Аталған жоба еңбек нарығында тәжірибесі мол азаматтарды қолдауға, олардың тұрақты табыс табуына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірде кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына бақылау күшейтілді

Түркістан облысында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған күшейтілген мониторинг және кешенді тексерулер жүргізілуде. Аталған жұмыстарға Балалар құқығын қорғау басқармасы, прокуратура және ішкі істер органдары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар тартылған.

Түркістан облысында тұрғындардың табысын арттыру, жұмысшылардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында еңбек қатынастарын заңдастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру, кедейлік деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Аталған салалардағы өзекті мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Облыс әкімі кемшілікке жол берген жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Түркістан облысы: шегірткеге қарсы препараттардың сапасы қатаң бақылауға алынып, жұмыс жандана түскен

Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жүйелі әрі жоғары қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен мәжілісте талқыланды. 2026 жылы фитосанитариялық ахуалды тұрақты сақтау мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы штаб құрылып, жұмыстарды үйлестіру күшейтілді.

Түркістан: Сауран ауданында шомылу маусымындағы қауіпсіздік пен дала өртінің алдын алу шаралары қаралды

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында аудан көлеміндегі бірқатар өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртібіне сәйкес алғашқы мәселе шомылу маусымы кезіндегі судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала өрттерінің алдын алу шаралары болды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған қауіпсіздік шараларына тоқталды.