Шымкент: Студенттік жатақхана мәселесі шешімін табуда

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы еліміздің ең ірі жастар орталықтарының біріне айналып отыр. 14 пен 35 жас аралығындағы 387 831 жас – бұл қаланың жалпы халқының 30,3 пайызы. Жастар көп шоғырланған қалада білім беру мен әлеуметтік инфрақұрылым мәселесі өзекті.

Шымкент: «Taza Alem» акциясы жалғасуда

Шымкент қаласының ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тарихи күндер тізбегімен» атты өңірлік мәдени-танымдық фестивалі қарсаңында Маятас демалыс аймағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болып табылады.

Ассамблея жастары Шымкентте бас қосты

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты.

Шымкент: Жаңа автобустар бағытқа шықты

Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы және заманауи қоғамдық көлік қызметін ұсыну бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тасымалдаушылармен түзілген келісім-шарт талаптарына сәйкес, көлік құрамын жаңарту – басым міндеттердің бірі.

Шымкентте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тамыз педагогикалық кеңесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы Президент резиденциясы жаңа оқу жылынан бастап дарынды балаларға арналған лагерь ретінде жұмыс істейтінін хабарлады.

Созақ ауданында салынып жатқан нысандардың сапасы бақылауға алынды

Созақ ауданында тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Жұмыс барысын қадағалап, спасына назар аударды. Құрылыс пен оның сапасына жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.