Шымкентте жолға төгілген мұнай қалдықтары дер кезінде тазартылды

2025 жылғы 8 қазан күні шамамен сағат 19:30-да Шымкент қаласының Төлеметов пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алды. VOLVO маркалы, мемлекеттік нөмірі 053AAY11 болатын, салмағы 15 тонналық жүк көлігінің артқы борты ашылып кетіп, көлікте тиелген 12 тонна нефтешламның шамамен 4 тоннасы жол үстіне төгілген.

Шымкентте қоғамдық көлік қызметін жақсарту шаралары жүзеге асырылуда

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.

Созақ ауданының әкімі Құмкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Алдымен округ әкімі Ерзат Балықбаев тұрғындарға ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен таныстырды.

Шымкент: Жылыту маусымының басталуына орай қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында ағымдағы жылы төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімдіктердің бірлескен жұмысы аясында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар арасында алдын алу түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қаламызда ағымдағы жылы газдан улану жағдайлары тіркелген жоқ.