Шымкентте Республика күніне орай мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
Шымкент қаласында 25 қазан — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында 25 қазан — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл – қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, адамдардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлайтын мамандардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке.
Шымкент қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндік ашылды. 2025 жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер kezekte.kz электронды порталы арқылы қабылданады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек хабарлады.
Шымкент қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы қаланған, егемен ел ретінде жаңа дәуірге қадам басқан айрықша дата. Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл мереке биыл да Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтілуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында округ әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов тұрғындарға ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен таныстырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аумағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық және абаттандыру жобаларының барысын аралап көрді. Аралау барысында әкім Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінде салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Жобаның негізгі мақсаты – көлік кептелісін азайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру. Ғабит Сыздықбеков мердігер мекемеге құрылыс қарқынын үдетіп, барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.