Шымкент: Шомылу маусымы бойынша кешенді шаралар жүргізілді

Шымкент қаласында 2025 жылғы шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайдарды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқар Рысбекұлы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында хабарлады.

Созақ ауданы: Жартытөбе ауылдық округінде биыл 25 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылған

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округ әкімі Данияр Жүсіпов биылғы жылы округте атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аталған жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, құқық қорғау органдары және бөлім мен мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

 

Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.