Келес ауданында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті

Келес ауданында төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөнінде комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, комиссия төрағасы Жәнібек Ағыбаев төрағалық етіп, төрт мәселе талқыланды. Келелі бас қосуға төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның мүшелері, дербес бөлім басшылары және ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Түркістан: сейсмикалық оқу жаттығу өтті

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемесінде "Сейсмикалық оқу жаттығу" өткізілді. Жаттығуға 1000 оқушы , ТЖД қызметкерлері, 2 арнайы техника қатысты.

Түркістан облысы: Бескепе ауылында улы газдан уланудың алдын алу мен өрт қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізілді

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының және № 6 ӨСБ қызметкерлерімен «Улы газдан уланудың алдын алу», «Өрт қауіпсіздігі» бойынша Бескепе ауылына рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жиналыс өтті

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу үшін құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

Түркістан облысы: су басқан аула аумағынан 204 адам мен 790 бас ұсақ мал эвакуацияланған

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД ТЖЖБ бастығының м.у.а. а.қ. майоры Исахожа Тажихожаұлы Елеусизовтың «ТЖЖ бағыты бойынша 2023 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы» баяндамасында айтылды. Исахожа Тажихожаұлытөтенше жағдайлар бойынша облыс көлемінде атқарылған жұмыстар мен орын алған оқиғалар жөнінде төмендегідей мәліметтерімен бөлісті.

Шымкент: Еңбек келісімшарты 100 пайыз электронды жүйеге өтеді

Шымкентте жыл басынан бері еңбек инспекциясына азаматтардан 490 өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.

Сонымен қатар еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн берешек жалақысы өтелген.

– Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Шымкентте 18 кәсіпорыны «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. Сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдамаға 70 кәсіпорын қосылды. Дегенмен, өндіріс болғасын, жазатайым оқиғалар орын алады. Жыл басынан бері қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды, – дейді Бауыржан Ахметәліұлы.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Осыған байланысты өңіріміздегі 4 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылған. Ал сақтандыру мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы 7558 компанияның 2538-і ғана сақтандыру келісімшарттарын жасаған.

Мекеме басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлік субъектілер 100 пайыз тіркелуі тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 32 пайызды құрап отыр.