Сайрамдық өрт сөндірушілерге «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме іс-шарасы өткізілді

2023 жылғы 28 сәуір күні Сайрам ауданында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сендіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы, Өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекциясы тобынын аға инспекторы Тұрлыбеков Айбек Оңласбекұлы, Әл-Фараби мешітінің бас имамы және «Аманат» партиясы мен Полиция басқарма қызметкерлерінің қатысуымен, №6 ӨСБ, №17, №23 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлеріне «сыбайлас жемқорлыктың алдын алу», "жол жүру ережесін қатаң сақтау", «өз өзіне қол жұмсау (суицид)» фактілерін болдырмау бағытында түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

Түркістан: «суға шомылуға тыйым салынады» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі» КММ және «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебі» КММ мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне жазғы шомылу маусымы қарсаңында «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Белгіленбеген орындарда суға шомылуға тыйым салынады» тақырыптарында түсіндірме үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Жалпы мекемелерден 250 оқушы және мұғалім қамтылғанын айта кеткен жөн.

Шымкентте жаңа бағдаршамдар орнатылуда

Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биылғы жылы 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.

Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.Естеріңізге сала кетейік, қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 2022 жылы 12 бағдаршам орнатылған. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды.  2021 жылы осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату  мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салынды.  Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15  бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған түрлі жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бойынша қала тұрғындары Шымкент қаласының ситуациялық орталығына хабарласын шағым қалдыра алады. Естеріңізде болса, Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 "сергек" камерасы орнатылған болатын. 2022 жылы да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана "сергек" камерасы орнатылды. 

Түркістан қаласында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Сәуір айынан бастап, қараша айына дейін өрт қаупі көбейеді. Осы уақыттарда орманды алқаптарды өрттен қорғау жұмысы ерекше күшейтілуі тиіс. Бұл ретте «Жасыл Аймак» КММ-де орман қоры жерлерінде өрттен сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр.

Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде өрт-тактикалық оқу жаттығу жиыны өтті

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөліністерінің 2023 жылғы өткізілетін өрт-тактикалық оқу-жаттығулары мен өрт-тактикалық сабақтарының жоспар-кестесіне сәйкес 2023 жылғы 24 сәуір күні Түркістан қаласы, «Керуен сарай» кешені, "Altyn Samuryk" ұшу театрында шартты түрде өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығу жиыны өткізілді. Оқу-жаттығуға 10 бірлік техника, 88 жеке құрам және 102, 103 қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2023 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлардепартаменті мен оның бөлімшелерінің 2023 жылғы жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жүнісовтың төрағалығымен жедел кеңес өтті.

Түркістан: төтеншеліктер суға түсу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының  қызметкері а.қ. лейтенанты Ишметов М.Б және М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Ә. Оралбай, С. Байқозы, Е. Кенжебаев Орталық мешітке жиналған жамағатқа балаларды қараусыз қалдырмауға және суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талаптарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, жадынама парақшалары таратылды.

Түркістанда өрт-тактикалық сабағы өтті

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөліністерінің 2023 жылғы өткізілетін өрт-тактикалық оқу-жаттығулары мен өрт-тактикалық сабақтарының жоспар кестесіне сәйкес өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен жылу-түтін камерасында сабақ өткізілді.