Түркістан: «Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі» бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ,МӨСБ-39, полиция қызметкерлері және сектор меңгерушілері бірлесіп Түркістан қаласының Яссы және Бірлік тұрғын үй алқаптарына «Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі» бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шымкент: Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кәсіподақ ұйымы есеп берді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі мен кәсіподақ комитеті арасында 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан қайта тіркеуден өтті.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73-ті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 және бастауыш кәсіподақ ұйымына ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырған.

Яғни, мүшелік жарнаның 70%-і Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне беріледі, ал 30%-і қызмет көрсету мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалында қалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып отырған.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстары мен жұмсалған қаржылар туралы аппараттың ұжымы алдында тұрақты есеп беріп отырады.

Есепті мерзім ішінде мекеменің 6 қызметшісіне әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 314,0 мың теңге бөлініп, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болған.

Оның бастамасы «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30,0 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған.

Сонымен бірге, 2022 жылы «7 мамыр - «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 75920 теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара өткізген.

Сондай-ақ, «Отбасы күні» мерекесіне орай ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген.

Кәсіподақ ұйымының 644,0 мың теңге қаржысына 2023 жылдың жаңа жылдық іс-шарасын ұйымдастырған.

Жыл басында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты аязды күндері қар тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ тарату акциясын 4 күн бойы өткізіп, күндігіне 120 қызметкерлерді ыстық тамақпен тамақтануға көмектескен. Акция аясында тұрғындарды өз ауласын қардан тазалауға шақырып, сенбілік жұмыстарын белсене атқарған.

Ұжымда қызметін адал және үлгілі атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері еленіп, бірқатар марапаттаулар тапсырылып, сый-құрмет көрсетілген.

2023 жылдың мамыр айында 383000 мың теңге қаржыға «ТИМБИЛДИНГ» шарасы ұйымдастырылған.

Ия, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналып отыр.

Түркістан облысы ТЖД дауылға байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады

4 мамыр күні Түркістан облысы аумағында желдің жылдамдығы 26 м/с жетіп, Кентау қаласында Ш.Уалиханов көшесі, №69 ТОО Политехникалық колледжінің 700 ш.м шатыры ұшты (жалпы ш.м 1053 ш.м). Салдарынан көршілес тұрғын үйдің шатыры бүлініп, екі тұрғын үйдің қоршауы (шлакаблок) зақымданды.

Түркістан облысы: су айдыны салғырттықты кешірмейді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Қанат Қарабалаев су нысандарының қауіпсіздігі, шомылу кезіндегі сақтық шаралары туралы баяндады.

Сайрамда өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, №6 Өрт сөндіру бөлімі 2023 жылғы өткізілетін өрт тактикалық оқу-жаттығулары мен өрт-тактикалық сабақтарының жоспар кестесіне сәйкес, 2023 жылғы 02 мамыр күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы «Bella Mebel» ғимаратында шартты түрде өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Шымкентте аудандық соттар біріктіріліп, жаңа құрылыммен жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Шымкентте аудандық соттар біріктіріліп, жаңа құрылыммен қайта іске кірісті. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық сотында өткен баспасөз брифингінде баяндалды.

Брифингте сөз алған Шымкент қаласының қылмыстық істер жөнінде сот алқасының судьясы Самат Мырзахметов жаңа құрылымның тұрғындарға тиімділігін атап өтті.

–Президент жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық соттары бірігіп, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты және Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты болып қайта құрылды. Тұрғындар үшін мұның тиімділігі өте зор. Себебі қажетті қызметті бір жерден алу мүмкіншілігі туындап отыр. Сондай-ақ мемлекеттік баж салығының қысқартылуы, қағазбастылықтан құтылу да жаңа жүйенің іске қосылуымен ретке келмек. Кадр жетіспеушілігімен, кезек күтумен ешқандай мәселе туындамайды деген сенімдеміз. Туындаған жағдайда конкурстық негізде мамандар іріктеліп алынатын болады,– деді С.Мелдебекұлы.

Жаңа құрылымға көшкен сот жүйесінің мекенжайлары да өзгерді. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Желтоқсан көшесіндегі №1 нысанда және Қалдаяқов көшесіндегі №7а ғимаратына орналасты. Талап арыз, шағымдар мен жалпы құжаттарды қабылдау Желтоқсан көшесіндегі №1 мекенжайға ауысты. Ал Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьялары мен кеңсесі Тыныбаев көшесі №42 мекенжайға, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Майлықожа көшесіндегі №7 ғимаратқа көшті. Ал, Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты өз жұмысын Тыныбаев көшесі №42 ғимаратта жалғастыратын болады.

Айта кетейік, бұған дейін аудандарда қабылданып, әлі аяқталмаған сот істері тиісті мекемеде еш өзгеріссіз жалғасын табады.

 

Сауран: төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының, №24 ӨСБ-нің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Таудағы қауіпсіздік» ережелерін және «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін», «Демалыс аймағында өрт қауіпсіздік талаптарын»,«Дала-орман өрті» ережелерін сақтау бойынша жадынама қағаздар таратып, үгіт-насихат жүргізді.

Сауран ауданында шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүруде

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және нөмірі 24-ші ӨСБ қызметкерлері сонымен қатар полиция қызметкерлері бірлесіп, суға шомылу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізді. Кәмелет жасқа толмаған жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігі туралы айтылып, ата-аналарына ескерту жасалды. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жадынама парақшалары да таратылды.