Жетісайда түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты республикалық акция барлық полицейлердің ұйымдастыруымен әр ауданда жүргізілуде.

  Мәселен, Жетісай аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Жанна Шалбекова,  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын орындарға барды. Онда зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлап, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар әйелдердің құқығы заңмен қорғалатынын қандай жағдайға тап болғанда полиция қызметкерлеріне хабарласу керектігі жайлы айтты.

Полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарға зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы 10-ға жуық плакаттар іліп, 100-ге тарта жаднамалар мен буклеттер таратты. Іс-шараға қатысқандар өздерінің тұрмысқа қатысты туындаған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Арыста «Шабуыл» оқу-жаттығуы өтпек

2022 жылдың 17 маусымында Арыс ауданы, Шөгірлі елдімекенінде орналасқан «Көксарай су реттегіші» объектісінде  Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Арыс аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері бірлесе отырып, «Шабуыл» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізеді.

«Шабуыл» жедел-тактикалық оқу-жаттығуына полиция кешенді күш жасақтары, кезекші жедел тергеу топтары мен кезекші бөлімдері, жедел жәрдем қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімі, Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының саптық бөлімшелері қатысады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

  • Интернет-дүкен туралы ақпаратты басқа интернет-көздерден тексеріңіз, пікірлерді оқыңыз. Интернет-дүкендердің жұмысы туралы пікірлері бар бірқатар тақырыптық сайттар мен форумдар бар.
  • Тауар үшін алдын-ала төлем жасамаңыз, әсіресе дүкеннің заңдылығына күмәндансаңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Жөнелтуді шарт бойынша төлеммен пошта арқылы ресімдеуді сұраңыз немесе курьермен қолма-қол ақшамен есеп айырысуды сұраңыз. Егер сатушы бас тартса, ол алаяқ болуы мүмкін.
  •  Кері байланыс немесе кері байланыс үшін қалыптың жұмысын тексеріңіз. Пікіріңізді немесе пікіріңізді қалдыруға тырысыңыз, міндетті емес теріс. Ол басқа пайдаланушыларға жариялануы және көрінуі керек, сонымен қатар оны әкімшілік алып тастамауы керек.
  •  Интернет-дүкен заңды тұлға мәртебесіне ие болуы тиіс. Сайтта тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ("ЖК", "ЖШС" және т.б.), оның деректемелері (ЖСН, БСН, жеке және заңды мекенжайы) туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында дүкеннің сенімділігін бағалауға, бір күндік фирмаларды анықтауға мүмкіндік беретін "салық төлеушілерді іздеу" электрондық сервисі орналастырылған.
  • Сатушыдан әртүрлі бұрыштардан тауардың суретін алған жөн немесе бейне қоңырау шалған жөн. Егер сатушы кез-келген сендіруден бас тартса, бұл жосықсыз сатушының белгісі.
  •  Ешбір жағдайда ешкімге өзіңіздің дербес деректеріңізді, пластикалық картадан, чектерден аударым туралы және одан да көп ақпаратты, кодтар мен Код сөздерін хабарламаңыз. Осылайша, алаяқ шотты басқаруға толық қол жеткізе алады.
  • Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдар жасамаңыз, бейтаныс адамдар ұсынатын күмәнді, бірақ пайдалы бизнеске қаражат салмаңыз.

Сіздің банктік және карточкалық шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым шектеулерді сақтау қажет. Егер сіз сақтық шараларын сақтамасаңыз, кез-келген банктің клиенті алаяқтың құрбаны бола алады.

  • Үнемі күрделі болуы керек парольдерді өзгертіңіз.
  •  Төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: СМС-растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т. б.

Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына шот деректерін беруді сұрамайды.

Пластикалық картадан ақша алу үшін картаның нөмірін және CVS (картаның артқы жағындағы Соңғы үш сан) білу жеткілікті, сондықтан картаны қараусыз қалдыру немесе деректеріңізді беру ұсынылмайды.

  • Банктен келетін растаулардың СМС-кодтарын ешкімге бермеуге, себебі оларды алаяқтар интернет-банкингті қосу үшін пайдалануы мүмкін.
  •  Картаны мобильді Банктің қызметіне қосу пайдалы.

 

САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН БІРГЕ ӨТКІЗЕЙІК!

Бүгінде оқу жылы аяқталып, #мектеп жасындағы балалар түгел дерлік демалысқа шықты. Олардың біразы жазғы демалыста түрлі үйірмелерде, лагерде жалғастырса, көпшілігі отбасындағы шаруаға қолқанат болумен шектелген.

Дегенмен, назардан тыс қалып жататыны да жоқ емес. #Кәмелет_жасына_толмаған балалардың қайда жүргені, кімдермен байланыста болғаны, бос уақытында немен айналысатыны өте маңызды. Бұл жөнінде Сайрам Ауданының әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бұл жиынға комиссия мүшелері, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, аудандық адами әлеуетті дамыту және ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен мектеп директорлары қатысты.

Комиссия төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мадияр Оразалиев күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырды.

Балалардың құқығын қорғау, мектеп оқушыларының #жазғы_демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және ювиналды #полиция тобының есебіне тіркелген және «тәуекел» тобында тұрған балаларды лагерьлерге және түрлі спорттық секцияларға кеңінен тарту мәселелері талқыланды.

– Бүгінгі отырысқа қатысушылар! Баршаңыз жастармен жұмыс жүргізесіздер әрі ата-анасыздар. Балалардың отбасыларындағы және қоғамдағы құқығын қорғап, #құқықбұзушылық әрекеттерге бармауына көңіл бөлейік. Жақсы тәрбие, терең білім алуына бірге қызмет етейік. Әрқайсыңыз өз аумағыңыз бойынша балалардың жағдайын тұрақты түрде зерделеп, олармен пікірлесіп, отбасыларымен жете танысыңыздар. Бейуақыт көшеде жүрмесін. Кәмелетке толмай кафеде, басқа да жұмысқа жалданып, құқығы тапталып жүрмесін. Төтенше жағдайдың немесе басқа да жайсыздықтың құрбанына айналмасын. Осы бағытта жұмысты жандандырайық, - деді Мадияр Мұхтарұлы.

Жиын барысында аудандық #құқық қорғау органы, Жастар орталығы, басқа да бөлім қызметкерлері, психологтар, #БАҚ өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру жайы сөз болды.

Аудандық әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметіне аталған бөліммен бірге мектептерде суицидтің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау, зерделеу жүргізіліп, жұмыс барысын баяндау тапсырылды.

Ал аудандық Полиция Басқармасы қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты жол көлік оқиғаларының алдын-алу жұмыстарын күшейтетін болды.

Отырарда кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдік ұсталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес.

Осындай шара кезінде Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетел азаматын анықтады. Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты. Тәртіп сақшылары анықталған азаматтарды дереу полиция бөліміне жеткізіп, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша шара көріп, ел аумағынан аластатты. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ бұл бағыттағы тексеру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Спортшылар әулетінен шыққан полицей

Құқық қорғау саласында қызмет ету нағыз батырларға тән екенін полиция қызметкерлері барынша дәлелдеп бағуда. Ал біздің тақырыбымызға арқау болған сондай азаматтың  бірі Түркістан облысы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция капитаны Жәнібек Жақыпбекұлы Айдарбеков. Ол биыл 28 сәуір күні 28 жасқа толды. Ширек ғасырдан астам уақытында Жәнібек ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Оның алда бұдан да биік белестерді бағындырары анық. Полиция капитаны жақында ғана Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында «Әмбебап жекпе-жек» спорт түрінен өткен әлем чемпионатында 700 үміткердің арасынан топ жарып, күміс жүлдені еншілеген болатын. Жеңіспен оралған әмбебап спортшы араға апта салмай Түркітілдес халықтар арасында «Грэпплинг» сайысынан   Халықаралық турнирге  қатысып, алтын медалді қоржынға салды. Ең алдымен Айдарбектің немересін осы жеңістерімен шын жүректен құттықтағымыз келіп отыр. Отбасында әкесі және  бірге туған ағалары спорт саласының үздіктері болғандықтан болашақ полицей 7 жасынан бастап, физикалық  тұрғыдан шыңдалып, спорттық жарыстарда бала кезінен  жеңіс тұғырынан көрініп жүрді. Оның самбо күресінен Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанында айта кеткеніміз жөн. Ал құралайды көзге атқан мергендігі өз алдына бөлек әңгіме.

 -Менің отбасымда бәрі спортпен айналысты. Себебі жаттықтырушы  әкеміз. Ол біздің ержүрек болып өсіп, елге пайдасы тиер азамат болғанымызды қалады. Алғаш құқық қорғау органына қызмет етем дегенімде әкем қатты қолдау білдірді. Оқу-жаттығу взводы арнайы операциямен жұмыс жасайтындықтан шапшаңдық пен дәлдікті қажет етеді. Мұндай қауіпті де жауапты қызметте ержүрек азаматтар қызмет етуі керек деп, құқық қорғау  органындағы еңбек жолымды Ақтау қаласында бастадым. Спорт-менің сенімді серігім. Қызмет барысында тез шешім қабылдап, әркез сақадай сай жүруім, спорттан алған тәлім мен тәрбиенің жемісі. Сонымен қатар осындай әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуім маған үнемі қолдау білдіріп отыратын Оқу-жаттығу взводының командирі Дәурен Ахметовтің  арқасы. Ол кісіге айтар алғысым шексіз. Полицейдің физикалық, моралдық тұрғыдан мықты болуына аса мән беретін командир қол астындағы қызметкерлердің  әлемдік жарыстардан жүлделі орын иеленгеніне шын қуанып, дайындықтарына дейін өзі қадағалап, барынша жағдай жасап жүреді.

 Мінеки полицей саласында тек ержүрек азаматтар қызмет етеді деп түсінетін Жәнібек 6 жылдан бері құқық қорғау саласында қарымды еңбек етіп жүр. Спортшыға тән намысшылдығымен және полицейге тән патриоттығымен көзге түсіп жүрген полиция капитанының қай салада болмасын тек жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Мектепке жұмысқа тұрғызып беремін депті...

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, танысы «мұғалім етіп жұмысқа тұрғызып беремін» - деп, 500 000 теңге ақшасын алған. Арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. 

Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай ол бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. Сезікті ер адам сол уақыт аралығында жұмысқа кіргіземін деп уәде берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың құрбаны болу әп-сәтте екендігін еске салады. Сондықтан күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болуға, оларға жеке есепшоттар мен жеке куәлік нөмірін бермеуге кеңес береді. Егер  де, сіз, алаяқтық жайтына куә болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ОРДАБАСЫДА ҚАЗАН ҚОЛДЫ БОЛДЫ

Ордабасы аудандық полиция бөліміне әйел тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйінен құны 50 000 теңге тұратын қазанын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Хабарлама түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде ұрлық жасаған күдікті Шымкент қаласының тұрғыны екендігі белгілі болды. 

Анықталғандай күдікті жәбірленушінің тұрғын үйіне жақын маңдағы досының үйіне көмектесуге  асарға барған. Содан ауланың сыртында тұрған қазанға көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздейді. Күдікті қазанды ұрлап, арнайы темір қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақысына ішімдік ішкен. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға тұрғын үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Өз мүліктеріңізге сақ болыңыздар.

 

                                                                                                                                                                     «AQ-QARA.KZ»- ақпарат