Облыс полицейлері дәріс алуда

Түркістан төріне тәжірибе алмасу бағытында Махан Есболатов атындағы Алматы академиясының білікті де білімді қызметкерлері келді. Мұндағы негізгі мақсат - Ішкі істер органдарын басқарудың тиімді жүйесін құру, полицияға қатысты негізгі міндеттерді жандандыру. Аталған маңызы зор дәріске Түркістан облысы ПД-ға қарасты қалалық, аудандық полиция басқарма мен бөлім басшылары қатысуда. Үш күнге созылатын сабақ барысында басшы құрамның  біліктілігін арттыру бірінші орында  тұр. Яғни ҚР ІІМ-нің «Мобильді Академия» пилоттық жобасы шеңберінде заманауи талаптарға сәйкес оқу бағдарламасы жүргізіледі.

Алматыдан арнайы келген білікті мамандар қатарында М.Есболатов атындағы академия бастығының орынбасары Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Ержан Бимолданов пен аталған академияның аға ғылыми қызметкері, Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полиция полковнигі Лейла Құлтемірова, сондай-ақ осы оқу орнының ІІО басшы құрамын даярлау факультетінің жоғары академиялық курсының әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Талғат Тұркенов бар. Бұл кәсіби шеберлігі мол қызметкерлер түркістандық қатысушыларды білім нәрімен сусындатып,  бар оқып-түйгендерін жеткізді. Полиция мен халықтың бір-біріне барынша ашық болуы, басшы құрам мен жеке құрам арасындағы байланыс қалай болу керектігі айтылып, ақыл-кеңестер берілді. 

Өз кезегінде дәріске қатысушы тарап, білімдерін жетілдіруге ат салысып жатқан әріптестеріне алғыстарын жеткізді. Полицияның жұртқа жақын және заманауи техникаларды меңгеруіне бағыт беріп жатқаны үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті, пікір алмасты. «Жаңа Қазақстан», «Сервистік полиция моделін құру» жолында мұндай келелі кездесулердің берер пайдасы зор. Себебі полицияның оң имиджін қалыптастыру, басшы құрамның қарапайым да әділ болуы, халықпен кері байланысты нығайту күн тәртібінен түспек емес.

 

 

  «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

Облыста әйелдерді қорғауға арналған акция басталды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды халыққа таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 13-21 маусым күндері аралығында, облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық акциясы басталды.

Акцияға ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен еріктілер жұмылдырылуда.  Аталған тиісті мамандармен:

- Дағдарыс орталықтарының және ҮЕҰ базасында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын тарта отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы  мәселелер бойынша  сенім телефонының «Қауырт желісінің» жұмысы ұйымдастырылады.

- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде  тиісті баннерлермен қамтылған арнайы автобустарда жергілікті полиция қызметі басшылығының азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобильдік акциялар ұйымдастырылады. 

- Кәсіпорындарда және ұйымдарда отбасылық құңдылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар  (брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырылады.

- Азаматтар көп жиналатын орындарда көрсетілген тақырыпқа билбордтар мен плакаттар орналастырылып, сондай-ақ  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі  жаднамалар мен буклеттер тарату ұйымдастырылады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: «Есірткісіз болашақ» тақырыбында сурет салудан жарыс өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарында асфальтқа сурет салудан байқау өткізді. Жарысқа қала мектептерінен 50-ге тарта оқушылар қатысып, командалық есеппен сынға түсті. Өз қиялдарына ерік берген жасөспірімдер «Ғасыр дерті» саналатын есірткіге  қарсы екендіктерін сурет өнерімен көрсетті. Шараның мақсаты – балалардың қиялын дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаман әдеттерден аулақ болуға дағдыландырып, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. Яғни, өзінің ойын қағазға түрлі түсті қаламмен байланыстыра отырып түсіру, сурет өнеріне баулу болып табылады. Аталған сурет байқауында әділ-қазылар өз төрелігін жасап, жеңімпазды анықтады. Одан бөлек қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды.  Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Ең басты мақсат - оқушылардың бойына осы бір зиянды заттардан, теріс қылықтардан аулақ болуды сіңдіру.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Төлебилік тұрғынның үйінен есірткі заты тәркіленді

Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен.  Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретіндігі туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері  ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Осы жайтқа байланысты аудандық полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайына шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде ауласында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған өсімдіктер  «сора» есірткі заты деп анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалмен айналысу қатаң жазаға тартылатындығын ескертеді. Бұндай өсімдіктер адам денсаулығына аса зиян келтіретіндігін еске салады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Арыста полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жүргізуде

Полиция қызметкерлері қоғамның ең үлкен бөлшегі. Себебі олар қоғамның тыныштығын қорғаушы. Қашан да қиналғанға көмек қолын созатын маман иелері. Осы тұрғыда Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметова мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің сектор меңгерушісі Жазира Абылова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен сөйлесіп, оларға зорлық-зомбылық туралы толық түсіндіріп, брошюралар таратты.

Полиция қызметкерлері күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Сондықтан егер сіз отбасында зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түлкібас: Түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

Компьютер клубы, автожуу, ойын сауық орталықтары бұлар кәмелет жасына толмаған балалардың үйір болатын орындары. Осыны ескеріп тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын полиция қызметкерлері түнгі уақытта арнайы рейд жүргізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірім қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады екен. Мәселен, Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін кафелерде жүру бойынша 13 жасөспірімді анықтады. Олар түнгі уақыт шамасында адам жиі шоғырланатын кафелердің бірінде ойын-сауық ұйымдастырған. Сонымен қатар олардың ата-аналарын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша хаттама толтырды. Және осы жасөспірімдерге қызмет көрсеткен кафе иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша айыппұл салды. Тәртіп сақшылары осы іс-шара арқылы кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуды көздеп отыр. Полиция қызметкерлерінің тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан жет¬¬кіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қа¬даға¬лауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жас¬өспірімдерді түрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын ес¬тен шығармаған жөн.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Жетісайда - «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында жүргізілетін «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында мекеме ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді.Аталмыш шараға орталық психологтары, аудандық әжелер алқасының мүшелері, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі Камира Сламбековна, Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Галия Бектурганова мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Бекзат Рысбай Жолдасбекұлы қатысты.Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Сонымен қатар, көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен алдын алу жұмыстарын жеке жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық акция аясында аудандық «Жетісай Жастар Ресурстық Орталығы» КММ қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен халық көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл - қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы   көкейкесті мәселе, нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді» дейді мамандар. Олардың сөзінше,  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық орын алуына ер азаматтарының алкагольге тәуелді болуы және бұл зорлық-зомбылықтың орын алуына ең негізгі фактор болып табылады. Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың орын алуына соқтырады. Біздің қалыптасқан менталитетімізге байланысты көптеген әйелдер  отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтарына шыдап, оны жасырып келеді. Мұның бәрі аянышты нәтижелерге алып келеді.

Криминологиялық зерттеулерге сү­й­ен­­сек, зорлық-зомбылық жасағаннан ләззат алатын агрессорлар бар. Мұндайда отбасы мүшелері «оңай олжа». Өйткені агрессор олардың ешқайда кетпейтінін және оған төзетінін біледі. Мысалы, кішкентай балалар қайда кете алады?! Мұндай агрессорлар отбасы мүшелеріне қол көтеру үшін кез келген сылтау іздей­ді. Дұрыс жауап бермеді, үйге кеш оралды, кешкі асты дұрыс дайындаған жоқ...

Жұмыс тобымызда қазақстандық және халықаралық құқық жөніндегі тәжірибелі криминолог ғалымдар бар. Олардың зерттеу нәтижелері де заң жоба­сын әзірлеу кезінде ескерілді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықты мы­нан­дай әдістермен шешуге болады. Біріншісі, үйдегі жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, саналы ата-ана болу, ашуланшақтық пен эмоцияны басқаруға психологиялық көмек көрсету арқылы халықты құқықтық тәрбиелеу арқылы. Екінші әдіс – жазаның неғұрлым тиімді шараларын енгізіп, агрессорға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағанда жауапқа тартылатынын түсірдіру.Азаматтар жиі шоғырланатын және көп жүретін орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау тақырыптарында 10-ға жуық плакаттар орналастырылып, 100-ге тарта жадынамалар мен буклеттер таратылды.

 

Мақтааралдық полицейлер көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушіні жауапқа тартты

Полиция қызметкерлері қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, жол қозғалысы, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар жүргізеді. Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осындай кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің нөмірінің жалған болуы мүмкін екендігіне күдіктенді. Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады. Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату» бойынша хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат