Super User

Super User

Түркістанда түркі тілдес елдердің «TURKESTAN BOOK FAIR» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті

Түркістанда түркі тілдес елдердің баспа ұйымдарын, қаламгерлерін, аудармашыларын, әдеби қауым өкілдерін тоғыстырған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл игі шараны Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырып отыр. Көрменің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, оқырман талғамын қалыптастыру.

Түркістан: шетелдік компания өкілдері өндірістік парктердің жұмысымен танысты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен өңірде ауқымды инвестициялық жобалар мақұлданып, іске асыру жұмыстары тұрақты жалғасып келеді. Облыс экономикасын әртараптандыру, инвестициялық әлеуетті арттыру және шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнату бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы орайда, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бастаған ресми және бизнес делегация облыс орталығындағы өндірістік аймақтарды аралады.

Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды

Жетісай ауданында жаңа арнайы техника көмегімен 65 км-ге жуық ирригациялық каналды кешенді тазалау басталды. 2026 жылғы вегетация кезеңінде суару суын жеткізуді жақсарту мақсатында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы өңірдегі ирригациялық каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркістан: облыс әкімі шетелдік инвесторларға Түркістанның мәдени мұрасын таныстырды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров таяуда өткен халықаралық инвестициялық форумға келген шетелдік инвесторларға өңірдің тарихи-мәдени нысандарын таныстырды. Делегация сапарын қазақ руханиятының жауһары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, киелі қаланың тарихымен кеңінен танысты.

Осы RSS каналға жазылу