Super User

Super User

Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды

Жетісай ауданында жаңа арнайы техника көмегімен 65 км-ге жуық ирригациялық каналды кешенді тазалау басталды. 2026 жылғы вегетация кезеңінде суару суын жеткізуді жақсарту мақсатында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы өңірдегі ирригациялық каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркістан: облыс әкімі шетелдік инвесторларға Түркістанның мәдени мұрасын таныстырды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров таяуда өткен халықаралық инвестициялық форумға келген шетелдік инвесторларға өңірдің тарихи-мәдени нысандарын таныстырды. Делегация сапарын қазақ руханиятының жауһары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, киелі қаланың тарихымен кеңінен танысты.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Солардың бірі Жетісай ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округінің 2055 адам тұратын С.Сейфуллин елді мекенінің тұрғындары көгілдір отынға қосылды.

Түркістан облысы: Ордабасының 3 бірдей ауылында таза ауыз су жүйесі іске қосылды

Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Сәуір айында басталған жобаның жалпы құны 222,962 миллион теңгені құрайды. Жобаны «Карат-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған.

Осы RSS каналға жазылу