Super User

Super User

Түркістан облысы: Созақ ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылауа жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштердің қарауын бақылау және құжаттандырумен қамтамасыз ету бөлімшесі тарапынан Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысы жүргізілді.

Түркістан облысы: Сауран ауданында мемлекеттік қызметте жауапкершілік мәдениетін күшейту бойынша жиын өтті

Сауран ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, масаң күйде болуының алдын алу, сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және жауапкершіліктің жоғары стандарттарын бекіту.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік компания басшылары және инвесторлармен кездесу өткізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті мен ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Шақыртуды қабыл алып, Түркістан облысына арнайы келген инвесторларға алғысын білдірді.

Түркістанда 300-ге жуық компанияның қатысуымен халықаралық инвестициялық форум өтті

Түркістан облысының орталығында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Маңызды шара барысында көрме ұйымдастырылып, келушілер мен инвесторлар назарына өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар облыста іске асып жатқан инвестициялық жобалар легі ұсынылды.

Осы RSS каналға жазылу