Сенбі, 27 Мамыр 2023 01:07

Созақтық төтеншеліктер жиын барысында қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері Таукент кентінің тұрғындары және «СЕМСЕР» күзет компаниясының қызметкерлерімен жиын өткізді.

Жиын барысында тұрғындарға «Өрт қауіпсіздігі», «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік», «Таулы аймаққа шыққан кездегі қауіпсіздік ережелері»тақырыптары кеңінен түсіндіріліп, жадынама парақтары таратылды.

Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі таулы аймақтарға туристік сапармен шыққан кезде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері туралы төмендегідей кеңестерін береді. Туристік сапарлардағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері мыналар:

- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.

- Таулы жерлерге бармас бұрын ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.

- Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.

- Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.

- Дененің қызып кетуіне, гипотермиясына жол бермеңіз.

- Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

- Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге компасыңыз болсын.

- Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.

- Бейтаныс маршрут бойынша алғашқы жорық үшін оған барған адамды жолсеріктерден тапқан немесе осы маршрут туралы алдын ала ақпарат табуға тырысқан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауларға жолсеріксіз бармаңыз.

- Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарға кез болып, жартасқа құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні, жазда тастардың құлауы мүмкін.

Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Тауда қозғалу және қауіпсіздік қағидалары

Тауда жаяу серуендеу - қазақстандықтардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі. Алайда, абайсыздық пен дайындықтың болмауы көбінесе қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.  Онда, тауларды бағындыруға қалай дұрыс келу керек? Бұл ақпарат жаңадан бастаушыларға ғана емес, тәжірибелі туристерге де пайдалы болуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, таудағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:

топ мүшелерінің физикалық дайын болмауы;

абайсыздық және қауіпсіздік ережелерін сақтамау;

бұрын таңдалған маршрутты өзгерту;

уақытты қате есептеу;

ауа райын алдын ала тексермеген;

жабдықтар мен керек-жарақтарды дұрыс таңдамау;

топтағы тәртіптің жеткіліксіздігі, міндеттердің нақты бөлінбеуі;

таудағы қауіп-қатерлерді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білмеу;

зейіннің әлсіреуі, әсіресе түсу кезінде;

азық-түліктің жетіспеушілігі;

алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы.

«Тек топпен қозғалу керек, оның бөлінуіне жол берілмейді. Сондай-ақ, топтағы ең әлсіздерге қарай қозғалыс қарқынын анықтау маңызды және қауіпсіздік есебінен жолды қысқартпау керек. Туристерге көру қабілеті нашар (тұман) немесе қараңғы уақытта өтпеу керек екенін ескеруге кеңес береміз; қауіпті учаскелерді, жылдам ағатын өзендерді тек сенімді сақтандыру болған кезде ғана еңсеру керек; қауіпті жартастан қауіпсіздік және сақтандыру ережелерін қатаң сақтай отырып, өте қажет болған жағдайда ғана өту керек; беткейлерде және шұңқырларда жатқан тастарды баспаңыз», - деп кеңес береді гидтер.

Сарапшылардың пікірінше, егер сіз әлі де жалғыз жүруді шешсеңіз, онда алдымен стационарлық белгілері бар қолданыстағы маршруттарға артықшылық беру керек.

Өрт шыққан кезде әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелері

Өрт шыққанын білгенде…

Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек.  «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды;

Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;

Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;

Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;

Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;

Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.

Не істеуге болмайды?

Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;

Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;

Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;

Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.

Зардап шеккендерге алғашқы көмек

103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз;

Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек. Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне батырылғын матамен жабады;

Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап,  ыстық сусын беріп, жылылау керек;

Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.

Өрттің алдын алу үшін:

Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей терезеден лақтырмаңыз;

Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;

Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;

Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз;

Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды;

От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз:

Өрт сөндірушілер — 101

Полиция — 102

Жедел жәрдем — 103

Газ апатынан құтақру қызметі — 104

Құтқару қызметі — 109

Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары аудан тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін  қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауды ескертеді!

Балаларыңызды сақтаңыздар!

Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!

Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!

Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!

Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!

Суда ойнауға тыйым салынады!

 Жалған дабыл беруге тыйым салынады!

Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!

Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!

Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!

Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!

Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!

- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;

- суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, ылди жағада, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;

- егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде сүңгімеңіз;

- күн қатты түсіп тұрған жерлерде қыздырынбаңыз;

- судың температурасы 20 градус болуы керек, су ішінде 20 минуттан артық жүрмеңіз, бұл уақытты біртіндеп 3-4 минутқа қосылып отыруы керек;

- күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы мүмкін;

- белгіленген буйкалардан асып жүзбеңіз, жағадан алыс ұзамаңыз;

- кері қайту жолды ұстану қажет;

- кеме тұтарын жерлерге жақын малтымаңыз;

- кеме келе жатқан жерлерге жақын бармаңыз, кеменің толқыны сізді айдап әкеліп, астына кіріп кетуіңіз әбден мүмкін;

- қайықтан, құлама жағадан бірден суға секірмеңіз, басыңызды қатты затқа соғып алуыңыз мүмкін., бұл зат немесе ағаш тамырлары да болуы мүмкін;

- суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды, егер абайсызда ойнаймын деп шошытып алсаңыз, суға тұншығып қалуы мүмкін;

- қайықты шамадан тыс толтыруға болмайды, жиегіне отыруға болмайды;

- қайыққа міндетті түрде алдыңғы жағынан міну қажет, сонда қайық тепе теңдікті сақтайды.

Тыйым салынады:

– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;

– қатты толқын кезінде суға түсуге;

– үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге;

– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;

- 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге;

- салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның».

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері

- Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.

- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет

Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.

- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

- Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI. Суық судың қауіптілігі

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек

Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.

- қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;

- қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.

- Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеу.

- Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек.

- Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.

Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 461 рет