Сенбі, 27 Мамыр 2023 00:40

Созақ ауданындағы шомылуға тыйым салынған өзен-көл жағалауларында рейдтік жұмыстар жүргізілді

Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары, аудындық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Созақ ауданы аумағында орналасқан тыйым салынған өзен, көлдер жағалауларында рейдтік жұмыстарын жүргізді.

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін, ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігі ескертіліп арнайы тақтайшалар ілінді.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына «өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік ережелері»тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Күн ысыған сайын су жағалауларындағы халықтың қарасы көбейетіні мәлім. Отбасы дос-жаранмен бас қосып, бой сергітіп, суға сүңгуге асыққан халық таң атысымен өзен-көл жағалауына қарай ағылады. Суда жүзуге,  күнге қыздырынып, жағажайда демалу әрине адам денсаулығына пайдасы зор. Дегенмен демалыста сақтық әрі қауіпсіздік талаптарын ескеру аса қажет. Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылуы кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Су айдындарындағы адамдардың өлімінің басты себебі-суда болу кезінде қарапайым қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидаларын сақтамау болып табылады. Тұрғындардың тек рұқсат етілген аймақтарда ғана шомылуға болатыны үнемі айтылып келеді. Алайда оны елемейтіндер баршылық. Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қаупі мол. Апаттың айтып келмейтіні белгілі ғой. Үлкенге де, кішіге де суға түсу кезінде аса сақ болу қажет» - дейді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Иә, суға әр түрлі жас топтарындағы адамдар түседі. Бірақ, әдетте суға батқандардың көбісі-балалар, жас ер азаматтар. Су айдындарында адамдардың қаза болуының себептері де әртүрлі. Суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, енді бірі тыйым салынған орында суға шомылғандар, ал қалғандары үлкендердің қарауынсыз қалған балалар. Суға түсуге барған адамдар төменде көрсетілген қағидаларды ескеру қажет!

     * қауіпсіз немесе арнайы белгіленген жерлерден, жағажайларда және шомылатын  

       жерлерден бөлек жерлерде суға түсуге;

     * суға шомылып жатқан балаларыңызды қараусыз қалдыруға;

     * суда ойнауға, тентектік жасауға;

     * шомылу барысында камера, доп, ағаштарды пайдалануға;

     * жаяу жүргінші және көлік көпірінен суға сүңгуге;

     * жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;

     * тыйым салынған жерлерде, терең және лай-қоқыс жерлерде суға түсуге;

     *судың қатты ағысына тап болғанда, ағынға қарсы жүзуге;

     * бейтаныс жерден суға секіруге;

     * түнгі мезгілде суға шомылуға;

     * таныс  емес жерлерде суға шомылуға жол бермеу қажет!

Демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде суда өзін қалай ұстау керектігі жайлы нұсқама плакаттар ілінген. Судың қаншалықты қауіпті екендігін, қандай қасіретке алып келетіндігін барша қауым терең ойлап,  басты назарда ұстағандары жөн. Су айдындарының көбісі шомылуға арналмаған. Бірақ соған қарамастан, балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.

Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да, суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың қауіп-қатерінен аман қалуға болады. Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескерте келе айтарымыз: Сауран ауданының тұрғындарына және қонақтарына судағы қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз!

Жаз мезгілі – өзен-көлдердің жағалаулары демалушылардан қайнап жататын кез. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергітіп, жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда, суға шомылғанда қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты, жүзу білетіндер де қайғылы жәйттерге ұшырап қалып жатады. Мұндай сәтте тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.

Сараптамалар бойынша мұндай жазатайым оқиғалар адамдардың көбінесе суға түсуге болмайтын жерде шомылуы, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, балаларды қараусыз қалдыруы, суға мас күйінде түсуі кезінде орын алады. Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, барлық қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, онда өзіңіз тез әрі нақты шешім қабылдай аласыз. Суға шомылу кезінде мыналарды естен шығармаған абзал:

1. Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

2. Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

3. Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауы керек!

4. Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

Тыйым салынады:

– жүрек ауруымен ауыратын адамдар суға түспесін, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

– қатты толқын кезінде суға түспеңіз;

– үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу қажет;

– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеген жөн;

– салқын суда ұзақ болмаңыз, суда ұзақ болу денені салқындатады;

– қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмаңыз;

– дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау керек.

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:

1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.

Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық сулардашомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

3). Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз

4). Су иірімінен шығудың тәсілдері.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.

Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

5). Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.

Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

6). Суық судың қауіптілігі.

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздықсуықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.

ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:

Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!

Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!

Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз!

Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!

Жалған дабыл бермеңіз!

өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!

Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!

Таныс емес жерден сүңгімеңіз!

ЕГЕР СЕН ҚАЙЫҚТА БОЛСАҢ

Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!

Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!

Қақығыш құралдарға техтөлқұжаттағы көрсетілгеннен артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз!

Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз!

Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!

Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!

Қайықтан сүңгімеңіз!

Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!

  Үлкендер бірге болмаса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады!

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

Суға абайлап түсіңіз.

Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.

Тоқтаңыз және терең емес жерде басаңызбен шомылыңыз.

өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз.

Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

Күнге және ыстық құмға "пісу", салқын суға шомылу жаңға сондай жайлы.

Есте тұтыңыз!

Қызудың тез төмендеуі қан тамырларын бірден жиырып, талып қалуға әкеп соқтырады.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз!

Мас күйде шомылмаңыз!

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін

6 минөт кешікпегенде өмірге оралтуға болады             

Мұны әркім істей білуі тиіс

БҰЛ МАҢЫЗДЫ!

         Сіңір тартылғанда:

Қолдардың саусақтары: жұдырықты білезікке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.

Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.

Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.

Егер сіңірдің тартылуы кетпесе - әдісті қайталаңыз!

         Иірімге тап болсаңыз:

Ауаны көп жұтыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз. 

СУ – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Бірақ тек саналы және абай болғанда ғана.

Бәріміз білетіндей суға түсудегі қауіпсіздіктің ең басты кепілдерінің бірі – жақсы жүзе білу. Бірақ жақсы жүзе алатын адам да үнемі сақ, тәртіпті болып және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек. Сондықтан қыр-сыры белгісіз су қоймаларында суға түспеңіз. Өйткені оның түбі терең немесе судың асты адамның денесіне жабысатын балдырлы, суық  болуы мүмкін.

Су айдындарында мүмкіндігінше әртүрлі ойындарды ойнамаңыз. Өйткені суды шашыратып, толқын тудыру басқа адамдардың су ортасында тыныс алуына кедергі келтіріп тұншығып қалуына себеп болуыңыз мүмкін. Суға түсіп жүргенде оқыс оқиға болса, қорықпауға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңе алмай қалсаңыз өз әркеттеріңізді бақылай алмайсыз. Тұншығып бара жатып айқайламаңыз, өйткені су өкпеге бірден кіріп кетеді. Басыңызды судан жоғары шығарып, терең тыныс алғаннан кейін ғана айғайлауға болды. Құтқарушыларға қол сермеп белгі беріңіз.

Ал егерде жүзуді білмей, судың ортасында кездейсоқ қалып қойсаңыз қолдарыңызды кең жайып, мүмкіндігінше терең және сирек дем алыңыз. Тік тұрып, аяқты педаль басқандай жылжытып, қолдарыңызды жоғары көтеріп суды төмен итеріп қозғалтыңыз. Үзідкісіз қимылдан шаршап қалсаңыз суға арқамен жатып, демалуға тырысыңыз. Ол үшін қол мен аяқты түзу ұстап, басыңызды судың үстіне қойып, тынығып алуға әрекет жасаңыз. Судың суықтығынан тонып қалсаңыз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды кезекпен созу арқылы жылытуға тырсыңыз. Ал аяғыңыз тартылып қалса суға батырыңыз да күшпен өзіңізге қарай тартыңыз.

Кейбір көлдер мен өзендерде айналмалы иірімдер болады. Ол адамды шыр көбелек айналдырып түбіне тартып әкетуі мүмкін. Сондай қауіпке кездессеңіз өкпеңізге көбірек ауа жұтып, қауіпсіз жаққа қарай  яғыңызды күрт сермеп секіріңіз.

Ал өзенде жүзу кезінде қатты ағысқа түсіп қалсаңыз күшіңізді босқа жұмсамаңыз, ең жақын жағалауға қиғаш бағытта жүріп, жай ғана ағыспен жүзіңіз.

Су астында неше түрлі қауіпті заттар болуы мүммкін. Соны бірі балдырлар. Суда жүзуге кедергі келтіріп, балдырлар аяғыңызға жабыса бастағанын сезген бойда тоқтамаңыз, бір орында тұрып қалмаңыз. Екі аяқпен күрт итеріп, өзіңізді босатуға тырысыңыз. Егер мұны бірден жасау мүмкін болмаса, балдырларды екі аяқпен кезек-кезек ысқылап босатуға тырсыңыз. Судың астына түсіп балдырларды қолмен аршимын деп әрекеттенбеңіз, балдырлар мойныңызға жабысып шатасып байланып қалуы мүмкін.

Осындай қиындықтарға тап болып, өміріңізді қауіп пен қатерге байламас үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтаған жөн.

Біріншіден суға түсуге арнайы дайындалған, рұқсат етілген, жағасында құтқарушы мамандар жұмыс істейтін орындарда ғана шомылуға тырсыңыз.

Екіншіден ішімідік ішіп, мас болған кезде өзен-көлдерге, жалпы терең су қоймаларына түспеңіз.

Үшіншіден ыстық күннің астында қыздырынып, суық суға бірден түспеңіз. Температураның кенеттен өзгеруі жүрекке салмақ салып, тоқтап қаулы мүмкін.

Төртіншіден ауа райы дауылды күні жағаға толқын ұрып буырқанып жатқан теңізге, көлге түспеңіз. Қатты толқын өзіне тартып әкетеді. Ағысы қатты өзенге түсуден мүлдем аулақ болған жөн.

Бесіншіден жақсы жүзуді білсеңіз де жағалаудан ұзап кетпеңіз. Өміріңізге қауіп төнсе құтқарушылар жылдам жете алатындай болуы керек. Батып бара жатқаныңызды сезсеңіз құтқарушыларға, жағалаудағы адамдарға бірден белгі беріңіз.

Ал суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз оны құтқарып қалуға тырысу, әр адамның азаматтық парызы.

Ондай жағдайда үрейленбеңіз. Алдымен айқайлап құтқарушылардың немесе жағалаудағы адамдардың назарын батып бара жатқан адамға аударуға тырсыңыз.

Жағалауға жақын жерде судан шыға алмай тұншығып, жанталасқан адамды көрсеңіз айналаңызға жіті қарап, құтқару қалқаншасын немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын пневматикалық матрацтарды, кеудешелерді, қалқымаларды, ұзын арқандарды т.б. көмектесуге жарайтын заттарды  тауып зардап шегушіге лақтырыңыз. Басқа амал таппасаңыз өз қабілетіңізге қарай әрекет еткен дұрыс. Жүзе алмайтын немесе жүзуді нашар меңгерген болсаңыз құтқаушы кеудеше немесе арнайы белдік киіп алып суға түсіңіз. Ал жақсы жүзе білетін адам болсаңыз бірден суға түсіп оның шашынан, аяғынан тартып судан шығаруға тырсыңыз. Тіпті болмаса арт жағына бір қолыңызбен қапсыра құшақтап, екінші қолыңызбен жүзіп жағаға жеткізуге болады. Тұншығып бара жатқан адамға қолыңызды созып немесе алдыңғы жағынан қапсыра құшақтап алу өзіңізге қауіпті. Жанталасып есі шыққан адам сізді де өзімен бірге батырып әкетуі мүмкін.

Зардап шеккен адамды жағалауға алып шыққаннан кейін маңайда дәрігер немес арнайы мамандар болмаса, дереу өзіңіз алғашқы көмек әрекеттерін жасаңыз.

Бірден оның ауыз қуысына құм немесе балдырлар кіріп кетпегенін анықтап,  тыныс алуына қиындық тудыратын барлық заттан тазалаңыз. Сосын тізеңізге етбетінен яғни ішімен жатқызыңыз, басы төмен салбырап тұратындай болсын. Өйткені жұтып қойған суды шығару керек. Суды бірден құспаса тілінің түбінен басып құстырыңыз. Содан кейін барып оны шалқасынан жатқызып, тануын қолыңызбен қысып тұрып, аузыңызды аузына тақап қатты үрлеп жасанды түрде дем жіберіңіз. Ал жүрегі соқпай қалғанын байқасаңыз жүрегінің үстінен алақандарыңызды айқастыра қойып минутына 15 рет басып жасанды массаж жасау керек. Зардап шегуші есін жинай бастағанын байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырған жөн.

Міне бұл кез келген адам, тіпті балаларға дейін білуге тиіс ережелер. Осының бәрін тізбектеп жазып отырғанымыз қарапайым қағидаларды білудің өзі көптеген қауіптен қорғап, ажалдан арашалап қалуы мүмкін. Сондықтан қауіп қатерден әрдайым сақтанып, айналаңыздағы адамдарға да ескерте жүріңіз. Өйткені қоғамның басты байлығы адам өмірі бәрінен қымбат. 

Суда дұрыс шомылу қағидалары

- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;

- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.

Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.

Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері:

- су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;

- су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минут;

- су температурасы +200, суға шомылу уақыты 15 минутке дейін.

Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн. Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі – жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады. Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі – тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.

Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.

Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:

1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;

2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;

3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;

4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.

Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жарты иірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 583 рет