«Тауда жаяу серуендеу - қазақстандықтардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі. Алайда, абайсыздық пен дайындықтың болмауы көбінесе қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Бұл ақпарат жаңадан бастаушыларға ғана емес, тәжірибелі туристерге де пайдалы болуы мүмкін» - дейді сайрамдық төтеншілктер.
Сарапшылардың айтуынша, таудағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
- топ мүшелерінің физикалық дайын болмауы;
- абайсыздық және қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
- бұрын таңдалған маршрутты өзгерту;
- уақытты қате есептеу;
ауа райын алдын ала тексермеген;
- жабдықтар мен керек-
жарақтарды дұрыс таңдамау;
- топтағы тәртіптің жеткіліксіздігі, міндеттердің нақты бөлінбеуі;
- таудағы қауіп-қатерлерді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білмеу;
- зейіннің әлсіреуі, әсіресе түсу кезінде;
- азық-түліктің жетіспеушілігі;
- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы.
Тауға шығу – демалыс қана емес, бұл ең алдымен спорт. Жай ғана спорт емес, қатерлі спорт. Сол себепті де онымен таңдаулы адамдар айналысады. Дегенмен, адамды «тауға шығуға жарайтын», «тауға шығуға жарамайтын» деп бһлуге келмейді. Бәрі бір күнде бола салмайтыны түсінікті, дегенмен, қалыптасып, физикалық дайындығын шыңдаудан бөлек, таудың қыр-сырын, қауіпсіздігін меңгеріп болғанша, қауіпсіздік шараларын сақтау, абайлау өте маңызды. Бұл тек жаңа келген адамдарға ғана емес, қалыптасқан спортшыларға, тауға шығуды сүйетіндерге де қатысты.
Біз «тауға шығып адасып кетіпті» деген ақпаратты жиі естиміз. «Қар көшкінінің астында қалыпты»; «үсіп кетіпті» деген суыт хабарлар да естілмей тұрмайды. Осының бәрі тәжірибесіздіктен немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан. Жаңа айналысып жүргендер білместікпен осындай кепке түссе, бұрынна айналысып жүргендер өз қызығушылығы үшін немесе қасақана тәуекел етіп, тыйым салынған аймақтарға шығып кетеді. Осының бәрінің арты қайғылы жағдайға әкелеіп жатады немесе құтқарушылардың арқасында аман қалыпты дегенді естиміз.
Бір сұрақ туындайды: Не істемек керек? Әрине, арнайы бекітілген маршруттар бар. Бұл қарапайым туристер үшін. Арнайы тауға (шыңға) шығарумен айналысатын компаниялар да бар. Бірақ, туристер мен спортшылар олардың қызметіне ылғи да жүгіне бермейтіні тағы белгілі. Демек, талаптарды қатаңдатып, тәртіпті күшейте түсу керек. Бір қарағанда, «құтқарушылар дың арқасында аман қалды» деген сөз құлаққа жылы естілгенмен, оның артында қаншама тәуекел, қаншама әуре-сарсаң тұрғанын елестетіп көріңізші. Мәселен, құтқарам деп жүріп, өзі де қатерге ұрынып, қазаға ұшыраған құтқарушы аз ба? Қалай дегенде де, құтқарушылар әр сапарға шыққан сайын нағыз қауіп-қатердің апанына баруға мәжбүр болады. Адам қатерге ұрынған, тыйым салынған аймақ, бірақ, бармасқа тағы бомлайды. Олардың қолында қатерге жушар болған туристің ғана емес, отбасының, жақындарының, жостарының тағдыры тұр. Оның сыртында осы бір құтқару операциясы үшін қаншама уақыт, қаншама шығын кететінін есептемей-ақ қояйық. «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген қағида мен «Сақтансаң сақтаймын» деген ескертуді негізге алғанна жақсысы жоқ.
Тегіс жерде 2 балдық жер сілкінісі онша білінбегенмен, таудың ұшар басында, қар құрсап жатқан таулар мен мұздықтарда бұл бірнеше есе қатты әсер етеді. Қар көшкіні, мұз жарылуы сияқты қауіп-қатерлер орын алуы мүмкін. Сол себепті, таулы аймақтарда, оның ішінде халық көп шоғырланған Алматы маңындағы тау-шатқалдарға шығушылар үшін таудың мінезін ғана емес, сейсмикалық тұрақтылықтан да хабардар болған ләзім.
Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы таулы аймақтарға туристік сапармен шыққан кезде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді. Туристік сапарлардағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері мыналар:
- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.
- Таулы жерлерге бармас бұрын ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.
- Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.
- Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.
- Дененің қызып кетуіне, гипотермиясына жол бермеңіз.
- Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге компасыңыз болсын.
- Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.
- Бейтаныс маршрут бойынша алғашқы жорық үшін оған барған адамды жолсеріктерден тапқан немесе осы маршрут туралы алдын ала ақпарат табуға тырысқан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауларға жолсеріксіз бармаңыз.
- Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарға кез болып, жартасқа құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні, жазда тастардың құлауы мүмкін.
Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Тауда қозғалу және қауіпсіздік қағидалары
Тауда жаяу серуендеу - қазақстандықтардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі. Алайда, абайсыздық пен дайындықтың болмауы көбінесе қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Осы ретте «Аюсай» визит-орталығының командасы тауларды бағындыруға қалай дұрыс келу керегі туралы кеңестерін бөлісті. Бұл ақпарат жаңадан бастаушыларға ғана емес, тәжірибелі туристерге де пайдалы болуы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, таудағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
топ мүшелерінің физикалық дайын болмауы;
абайсыздық және қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
бұрын таңдалған маршрутты өзгерту;
уақытты қате есептеу;
ауа райын алдын ала тексермеген;
жабдықтар мен керек-жарақтарды дұрыс таңдамау;
топтағы тәртіптің жеткіліксіздігі, міндеттердің нақты бөлінбеуі;
таудағы қауіп-қатерлерді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білмеу;
зейіннің әлсіреуі, әсіресе түсу кезінде;
азық-түліктің жетіспеушілігі;
алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы.
"Тек топпен қозғалу керек, оның бөлінуіне жол берілмейді. Сондай-ақ, топтағы ең әлсіздерге қарай қозғалыс қарқынын анықтау маңызды және қауіпсіздік есебінен жолды қысқартпау керек. Туристерге көру қабілеті нашар (тұман) немесе қараңғы уақытта өтпеу керек екенін ескеруге кеңес береміз; қауіпті учаскелерді, жылдам ағатын өзендерді тек сенімді сақтандыру болған кезде ғана еңсеру керек; қауіпті жартастан қауіпсіздік және сақтандыру ережелерін қатаң сақтай отырып, өте қажет болған жағдайда ғана өту керек; беткейлерде және шұңқырларда жатқан тастарды баспаңыз", - деп кеңес береді гидтер.
Сарапшылардың пікірінше, егер сіз әлі де жалғыз жүруді шешсеңіз, онда алдымен стационарлық белгілері бар қолданыстағы маршруттарға артықшылық беру керек.
Табиғатқа шығарда нені білу керек?
Табиғатта демалу әрдайым сәнде, адам жақсы тыныстап, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Бірақ мұндай серуенде көңілді түсіретін жайттар да бар. Ол – айналаның шашылып, қоқысқа толып жатуы.Өзіміз тыныстайтын ауаны, ішетін суды, жүретін жолды ластамау үшін табиғатты жай ғана жақсы көріп, оған жиі бару жеткіліксіз. Қоршаған ортаны тап-таза қалпында сақтай алуымыз керек. Ол үшін бірнеше қадам жасауға болады.
Гүлді жұлмау, жәндікке тиіспеу
Тауға бара жатқан жолда, далада өсіп тұрған гүлге қызығып, оны бірден жұлып алатынымыз бар. Иіскеп, әбден қызықтап болған соң лақтыра салуымыз мүмкін. Негізі ол гүл жаңа ғана жайқалып, өсіп тұр еді. Табиғатқа шыққан адамның бәрі гүлді жұла берсе, ол да таусылады, әдеміліктің сүйкімі кетеді. Сондықтан гүлге өсіп тұрған жерінде сүйсініп, иіскеңіз. Бірақ оны жұлмаңыз. Гүл өсіп тұрса, демек ол өз қызметін атқарып тұр. Таза ауа, әдемілік, араларға бал, қарашірік және тағы басқа.Сонымен қатар жолда кезіккен жәндікке, кішкентай жануарға қастандық жасамаңыз. Оларды үркітуге де болмайды. Ол жер – сол жәндік пен жануардың үйі.
Өзіңнен кейін ешқандай қоқыс қалдырмау
Тауға шыққанда, саябақта қыдырғанда өзімізбен жейтін тамақ, ішетін су аламыз. Оның сыртын, қалдығын да өзімізбен қайта алып кетуді ұмытпау керек. Мұндайда қоқысты сол жердегі жәшіктерге салып кетуге болады. Оны да сыртына лақтыра салмай, қалдық жәшіктің ішіне түскенін қадағалаңыз.Тіпті көкөніс пен жемістің қабығын да табиғатта қалдыруға болмайды. Мысалы, таудың топырағы органиканы шіріте алмайды.
Белгіленген ережелерді ұстану
Тауда, суда, ұлттық паркте және тағы басқа ерекше қорғалатын аймақта ережелер жазылған болса, демек оны қатаң ұстану керек. Табиғи аймаққа көлікпен кіруге рұқсат берілмесе, ол жерді бүлдіріп, әлек болмаңыз. Суға түсуге болмаса, демек бекер емес. Әсіресе от жағуға көп жерде рұқсат жоқ. Мұндай ереже тек табиғат үшін емес, адамның қауіпсіз демалуы үшін де бекітілген. Өтуге болмайтын, жалғыз жүруге қауіпті орындарға да бармаңыз.
От жақпау
Мамырда тауға шыққандар көбіне от жағып, айналасында әндетіп отырады. Осындай дәстүр кең тараған. Бірақ заман өзгерген сайын, әсіресе климат құбылған кезде адамның әдеттері де соған сай бейімделеді. Қоршаған ортаның таза болуына алаңдай бастағалы табиғатта от жағуға да тыйым салу керек екені айтылып жүр. Бұл дұрыс та. Біріншіден, ағашты, өсімдікті жағамыз. Бұл тірлігіміз табиғатты қорғауға қарама-қайшы. Екіншіден, түтінмен бірге ауаға зиян заттар тарайды. Үшіншіден, от қауіпті. Сақ болмаса, адамның өмірін де жалмауы мүмкін. Бір тұтанып кетсе, орманды да алып кетеді.От жағудың орнына батареямен жұмыс істейтін шам алып баруға болады. Олардың қуаты біразға жетеді әрі жарық болады. Есесіне от жағып, күл қалдырып, табиғатты ластамайсыз.
Көп пластик қолданбау
Табиғатқа тамақ алып шыққанда оны пластикке салмауға тырысыңыз. Бұл көп қалдық шығаруға себеп болады. Егер тамақты өз ыдысыңызға салып апарсаңыз, оны тастамай алып келесіз. Құрғақ тағамдарды қағазға орауға да болады. Айтпақшы, табиғатта ыдыс жумаған дұрыс. Себебі ыдыс жууға арналған химикатпен жерді бүлдіреміз.
Табиғатқа шыққанда экология туралы әңгіме айту
Табиғатқа демалуға шыққанда оны қорғау туралы да сөйлескен жөн. Қоршаған орта туралы әңгімеде экология проблемасы да қозғалады. Әсіресе қасыңызда өзіңізден кішілер, балалар болса, әдемі табиғатты бұзбай, оны ластамай өмір сүру керек екенін түсіндіре жүріңіз. Қоқысты лақтырмауын қадағалаңыз. Табиғат саясында демалу үшін ғана тұрған жоқ. Адам оны қорғауға, келесі ұрпаққа жақсы күйінде жеткізуге міндетті.Тауға, өзен-көл жағасына шығарда қоршаған ортаға қатысты білетін ғибратты әңгімелерді еске түсіріңіз. Арнайы іздеп, оқып алсаңыз, құба-құп.
Егер экобелсенді болсаңыз…
Табиғатқа жанашыр, қалдықты сұрыптайтын, экосенбіліктерге қатысып жүрген адам табиғатта да күнделікті әдеті бойынша әдепті жүреді. Енді мұндай адамдар қасындағы достарын да қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға да баулығаны дұрыс. Өзі үлгі болып жүріп, өзгеге де өнеге көрсеткені абзал. Адамның бәрі біреуден үйренеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»