Жексенбі, 30 Сәуір 2023 22:14

Сауран ауданында шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүруде

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және нөмірі 24-ші ӨСБ қызметкерлері сонымен қатар полиция қызметкерлері бірлесіп, суға шомылу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізді. Кәмелет жасқа толмаған жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігі туралы айтылып, ата-аналарына ескерту жасалды. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жадынама парақшалары да таратылды.

Сондай-ақ, Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері нөмірі 35 ӨСб жеке құрамымен бірлескен түрде үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілу барысында тұрғындарға және қонақтарға қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында суға түсу кезіндегі қауіпсіздікті қатаң түрде сақтауға, сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмауға, және дала өртін болдырмауға, сонымен қоса, жалпы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, үнпарақтар таратылғанын айта кетейік.

«Күн ысыған сайын су жағалауларындағы халықтың қарасы көбейетіні мәлім. Отбасы дос-жаранмен бас қосып, бой сергітіп, суға сүңгуге асыққан халық таң атысымен өзен-көл жағалауына қарай ағылады. Суда жүзуге,  күнге қыздырынып, жағажайда демалу әрине адам денсаулығына пайдасы зор. Дегенмен демалыста сақтық әрі қауіпсіздік талаптарын ескеру аса қажет. Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылуы кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Су айдындарындағы адамдардың өлімінің басты себебі-суда болу кезінде қарапайым қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидаларын сақтамау болып табылады. Тұрғындардың тек рұқсат етілген аймақтарда ғана шомылуға болатыны үнемі айтылып келеді. Алайда оны елемейтіндер баршылық. Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қаупі мол. Апаттың айтып келмейтіні белгілі ғой. Үлкенге де, кішіге де суға түсу кезінде аса сақ болу қажет» - дейді Сауран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары.

Иә, суға әр түрлі жас топтарындағы адамдар түседі. Бірақ, әдетте суға батқандардың көбісі-балалар, жас ер азаматтар. Су айдындарында адамдардың қаза болуының себептері де әртүрлі. Суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, енді бірі тыйым салынған орында суға шомылғандар, ал қалғандары үлкендердің қарауынсыз қалған балалар. 

Су – денсаулықты нығайтуға және демалудан барынша рахат алуға көмектесетін адамның одақтастығы, мейірімді досы. Бірақ, сонымен қатар ол алаңғасарлық ойға төзе алмай жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Алаңғасарлықтың салдары ең ауыр болады. Оларды болдырмау үшін әр-бір адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. 

Ең бірінші және басты ереже – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар ересектердің бақылауымен шомылуға тиіс. Балаларды бақылауды барынша күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлкендердің еріп жүруінсіз жасөспірімдер арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуы мүмкін. Ең көп қайғылы оқиғалар суға шомылуға арналмаған су айдындарында орын алады. Ата-аналар балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып қана қоймай, оған қиын жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретуі қажет. Жасөспірімді үрейленбеуге және өзін қалай ұстау керек, не істеу керек екенін түсінуге үйрету өте маңызды. 

Суға шомылу кезінде жол берілмейді: 

1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге. 

2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге. 

3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге. 

4. Қайықтарға салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға. 

5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге. 

6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға. 

Суда немесе жағалау сызығында болған уақытта ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь тепе-теңдік сезімін, қозғалыс үйлесімділігін және өзін-өзі бақылауды нашарлатады. Жүзе алмайтындар тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуға болады. 

«Суға шомылуға тыйым салынады!» ескерту аншлагымен жабдықталған су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады. 

Есіңізде болсын! Тек судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау ғана қайғыға жол бермейді.

Демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде суда өзін қалай ұстау керектігі жайлы нұсқама плакаттар ілінген. Судың қаншалықты қауіпті екендігін, қандай қасіретке алып келетіндігін барша қауым терең ойлап,  басты назарда ұстағандары жөн. Су айдындарының көбісі шомылуға арналмаған. Бірақ соған қарамастан, балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.

Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да, суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың қауіп-қатерінен аман қалуға болады. Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескерте келе айтарымыз: Сауран ауданының тұрғындарына және қонақтарына судағы қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз!

Жаз мезгілі – өзен-көлдердің жағалаулары демалушылардан қайнап жататын кез. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергітіп, жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда, суға шомылғанда қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты, жүзу білетіндер де қайғылы жәйттерге ұшырап қалып жатады. Мұндай сәтте тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.

Сараптамалар бойынша мұндай жазатайым оқиғалар адамдардың көбінесе суға түсуге болмайтын жерде шомылуы, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, балаларды қараусыз қалдыруы, суға мас күйінде түсуі кезінде орын алады. Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, барлық қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, онда өзіңіз тез әрі нақты шешім қабылдай аласыз.Суға шомылу кезінде мыналарды естен шығармаған абзал:

1. Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

2. Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

3. Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауы керек!

4. Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

Тыйым салынады:

– жүрек ауруымен ауыратын адамдар суға түспесін, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

– қатты толқын кезінде суға түспеңіз;

– үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу қажет;

– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеген жөн;

– салқын суда ұзақ болмаңыз, суда ұзақ болу денені салқындатады;

– қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмаңыз;

– дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау керек.

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:

1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.

Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық сулардашомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

3). Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз

4). Су иірімінен шығудың тәсілдері.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.

Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

5). Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.

Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

6). Суық судың қауіптілігі.

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздықсуықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 290 рет