Тиісті мекемелермен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары түзілген. Жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінге дейін орман өрті оқиғасы тіркелген жоқ. Биыл да орман өртінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында іс-шаралар атқарылып, үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің аумағы мен іргелес жатқан учаскелерде өртті сөндіру жұмыстарын ұтымды әрі тиімді атқару үшін өртті сөндіруге тартылатын мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларынан құрылған өрт сөндіру топтары құрылды. Өртке қарсы қолданылатын техникалар, құрал-жабдықтар түгендеуден өткізіліп, жарамдылығын анықтау жұмыстары жүргізілді, – дейді «Жасыл аймақ» КММ Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері Б.Досалы.
Мамандар Түркістан қаласының табиғатын көркейту мақсатында «Жасыл аймақ» КММ-мен жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарын бағалап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және егілген көшеттерді қолайсыз факторлардан қорғау үшін атсалысуға шақырады.
Тілсіз жау адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына айтарлықтай материалдық шығын әкеледі. Негізінде, өрт жаздың қатты ыстығында, ұзақ уақыт жауын жаумай құрғақшылық болғанда жиілейді. Ал орманды және дала алқабының өртенуіне шөптің өздігінен жануы басты себеп. Сонымен қатар, орман өртінің 80 пайызға жуығы тұрғындар еңбек етіп немесе демалып жатқан жерлерінде өрт қауіпсіздігін сақтамауынан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан орын алуы мүмкін. Демек, дала өртінің негізгі себептерінің бірі – адамның отқа ұқыпсыз қарауы, яғни, орманда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы. Бір өкініштісі, орманға келушілердің көбі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс емес, отты сақтықпен пайдалануға дағдыланбағандардың қатары көп. Негізінен, жанып тұрған сіріңкенің шиін, темекі тұқылын жерге тастау, бекітілмеген жерлерге, қылқан жапырақты жас екпелерге, бұрын жанған ағаштарға, орманның зақымдалған учаскелерінде, сондай-ақ, ағаш бұтақтарының астында және кепкен шөбі бар жерлерде от тұтатпау қажет.
Орман өрті орын алса, әсіресе, ұзаққа созылған қуаңшылық жылдары жүздеген гектар жерге таралып, жалыны тиген жердің бәрін тып-типыл етеді. Орман өртінің табиғатқа келтіретін зияны аз емес. Өйткені жасыл-желектің қайта қалпына келуі үшін ондаған жылдар қажет. Өрт бола қалған жағдайда орманның табиғи қайта түлеуі жойылады. Зиянды орман жәндіктері орман өртінен нашарлаған сүрек-діңдерге қонып, тез көбейе бастайды да, кейіннен олар жанында өсіп тұрған сау ағаштарға ауысып, оларды зақымдап, шірітеді. Қызыл жалын орман ішіндегі құстардың ұясы мен жан-жануарлардың қоректік базасын да жояды.
Ал орман өртінің алдын алу үшін алдымен адамдар табиғатты пайдалану мәдениетін меңгеруі қажет. Орманды өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу бір адамның немесе бір мекеменің жұмысы емес, барша адамзатқа ортақ міндет. Яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қоғам тыныштығының кепілі. Бастысы, жұртшылық өрттің туындауына жол бермеу үшін барын салуы қажет. Орман және дала өртінің алдын алу және жою мәселесі әрқашан басты назарда болып, аталған табиғи апатқа қарсы әрекет етуге дайын болуымыз қажет.
Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Ол біздің өмірімізде аса маңызды орынға ие, оның біздің көңіл-күйімізге, денсаулығымызға, атқарып жатқан жұмысымызға әсері зор. Облысымыздың экожүйесіндегі маңызды орындардың бірін орман алқаптары алып жатыр. Облыстың ормандары – бұл маңызды қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен. Облысымыздың орман алқаптары көлемінің жартысынан көбін сексеуіл ормандары алып жатыр. Жыл сайын Түркістан облысының аумағында жануарлар әлемін, ағаштарды, бұталар мен сексеуілді жоятын орман мен дала өрттері өкінішке қарай тіркеліп отырады. Мұндай өрттер үлкен көлемдерге таралып, орман — дала өрттеріне өтеді, сонымен қатар оларды өшіру үшін өртке қарсы қызметі күші мен құралдарының негізгі бөлігі бөлінеді де, нәтижесінде елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді. Осылайша, табиғи өрттер үлкен материалдық шығындарға алып келеді.
Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және қалалардың аумағындағы, облыстағы дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Орман және дала өрттері әртүрлі себептерден орын алады. Мұндай өрттердің 80% тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар ауылшаруашылығы техникасын абайсыз пайдалану себептерінен болады. Табиғи өрттер облысымызда жиі кездесетін келеңсіз метеорологиялық жағдайлардың (жоғары ауа температурасы, ұзақ уақыт жауынның болмауы) нәтижесінде де орын алады. Өрттер көбінесе табиғи нысандардың жағдайын берік бақылау қызметінің жеткіліксіздігі мен тиісті органдарды өрттің жеке ошақтарының пайда болуы туралы уақытылы хабарламауы, сонымен қатар жағдайды объективті бағаламау және т.б. нәтижесінде орын алады. Мұның бәрі өрттердің жеке ошақтарының үлкен апаттық жағдайды тудыратын жаппай өртке ұласуына әкеліп соғады. Облыстағы орман және дала өрттерінен келген материалдық шығын миллиондаған теңгені құрайды.
Елді мекендер мен орман – дала алқаптарын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және табиғи өрттердің алдын алу мен олармен күресу жағдайын тұрақтандыру және жетілдіру мақсатында жыл сайын облыс әкімдігімен барлық деңгейдегі әкімдіктер, облыстық ТЖД, теміржолдар мен автокөлік жолдарына қызмет көрсететін мекемелер, сонымен қатар ауылшаруашылығы субъектілерімен жүзеге асырылатын табиғи өрттерді болдырмауға бағытталған өртке қарсы және ұйымдастыру іс-шараларының кешенін қарастыратын қаулылар қабылданады. Жыл сайын аталған қаулыларды жүзеге асыру үшін белгілі бір жұмыстар атқарылады. Бұдан басқа, Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс әкімінің Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы дала және орман өрттерінің алдын алу және оларды жедел өшіруге бағытталған өрттердің алдын алу бойынша бірлескен жоспарларды жасау мен жүзеге асыру, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жерлерде бірлескен өрт – тактикалық жаттығуларды жүргізу, ормандар мен жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелердегі ормандағы өртті сөндіру командаларының жауынгерлік дайындығы мен құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін тексеру сияқты басқа да бірлескен іс-шаралардың кешенін жасап, жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман қорларының жерлері мен дала алқаптары құмды және таулы аймақтардың үлкен көлемдерін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдері аталған жерлерден үлкен арақашықтықтарда орналасқанын атап өту керек.
Орман-дала өрттерімен күресудің ауыр екендігіне байланысты ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы нысандарындағы ерікті өрт сөндіру жасақтарына үлкен үміт артылады, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы қызмет органдары елді мекендер мен мемлекет меншігендегі аса маңызды нысандарды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Өртке қарсы жасақтардың жауынгерлік дайындығын тексеру және өткен кезеңдегі облыс аумағында болған табиғи өрттерді талдау ауылдық аймақтарда құрылған өртке қарсы жасақтардың ірі табиғи өрттерді өшіруде үлкен рөл атқарады.
Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады-оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғандарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша біз облысымыздың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.
Табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз.
— ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге рұқсат берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
— желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
— елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.
— ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің аумақтары кемінде ені 3 метр болатын минералдандырылған қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуге тиіс.
— өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз.
— автокөлік жүгізушілері обылыс аумағындағы жолдарда қатынау кезінде көлік ішінде темекі шегіп темекі тұқылын тастау кезінде толық сөнгеніне көз жеткізуге міндетті.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына сәйкес дисциплинарлық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Орман – бұл көптеген ұрпақтардың меншігіндегі ұлттық қазына, сондықтан біз оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз!
Орман өрті дегеніміз не
Жаңалықтардан орман өртінен келген шығынды үнемі көріп жүрміз. Бірақ орман өртінің не екенін, оның қалай басталатынын білмейтіндер көп. Орман өрттері экологиялық тепе-теңдіктің бір бөлігі болып табылатын табиғатта болатын толығымен табиғи процестер екенін білу маңызды. Алайда, мәселе орман өрті адамның кесірінен болып, экологиялық тепе-теңдік бөлігіне сәйкес келмегенде пайда болады.
Осы себепті біз төменде орман өртінің не екенін, оның шығу тегі мен сипаттамаларын айтуға арнамақпыз.
Орман өрттері орманның немесе басқа өсімдіктердің үлкен аумақтарын тұтынатын бақылаусыз өрт шығарындылары. Олар отпен сипатталады, олардың отын материалдары ағаш және өсімдік ұлпасы болып табылады, ал жел олардың дамуына кедергі келтіреді. Бұл өрттер табиғи себептерден туындауы мүмкін және адамның әсерінен (адам әрекеті) болуы мүмкін. Бірінші жағдайда олар құрғақшылық пен аптап ыстықтың экстремалды жағдайында найзағайдың әсерінен пайда болады, бірақ көпшілігі адамның кездейсоқ немесе әдейі әрекетінен туындайды.
Олар негізгілердің бірі болып табылады экожүйелердің деградациясының немесе жоғалуының себептері, өйткені олар аймақтың өсімдік жамылғысы мен фаунасын толығымен жоя алады.. Бұл топырақ эрозиясын арттырады, ағынды ағынды арттырады және судың қолжетімділігін төмендететін инфильтрацияны азайтады.
Өсімдіктердің түріне, қоршаған ортаның ылғалдылығына, температураға және жел жағдайларына байланысты орман өрттерінің үш негізгі түрі бар. Бұл жер бетіндегі өрттер, тәждік өрттер және жер асты өрттері.
Орман өрттерінің алдын алу үшін халықты проблема мен оның салдары туралы хабардар ету маңызды. Қоршаған ортаны қорғау, анықтау және ерте хабарлау жүйелеріне, орман өрт сөндірушілеріне де қатысты.
Орман өрттерінің сипаттамасы
Орман өрттері желдер шешуші рөл атқаратын ашық кеңістіктерде пайда болуымен сипатталады. Екінші жағынан, оларды қоректендіретін жанғыш материалдар оңай жанатын лигнин және целлюлоза сияқты өсімдік заттары болып табылады.
оның шығу тегі үшін жанғыш материалдардың, жылу мен оттегінің қосындысы қажет болды. Негізгі әсер ететін факторлар құрғақ өсімдіктердің болуы және топырақ пен ауа ылғалдылығының төмендігі, сондай-ақ жоғары температура мен күшті жел.
Ерекше құрамы
Белгілі бір жердегі өсімдік түрлері өрттің қаншалықты алыс және қаншалықты тез таралатынын анықтай алады. Мысалы, қылқан жапырақты өсімдіктер өндіретін шайырлар қарағай мен кипарис сияқты өсімдік материалының жанғыштығын арттырады. Сондай-ақ, сумак және шөп (шөп) сияқты отбасылардың кейбір ангиоспермдері тамаша отын болып табылады. Әсіресе биік шабындықтарда жалын өте тез таралады.
топография
Өрт ошағындағы жер бедері мен жел бағыты өрттің таралуы мен таралуын анықтаушы фактор болып табылады. Мысалы, төбе жағындағы өрт, ауа ағыны жоғары жылдамдықпен және қатты жалынмен көтеріліп, таралады. Сондай-ақ, тік беткейлерде жанып жатқан отын материалының (күл) сынықтары оңай төмен түсуі мүмкін.
өрт және экожүйелер
Кейбір экожүйелерде өрт олардың функционалдық сипаттамаларының бірі болып табылады және түрлер мерзімді өрттерге бейімделген және тіпті оларға тәуелді. Саванналарда және Жерорта теңізінің ормандарында, мысалы, өртеу мезгіл-мезгіл жүргізіледі өсімдіктерді жаңарту және белгілі бір түрлердің өнуін немесе жаңаруын қамтамасыз ету.
Екінші жағынан, көптеген басқа экожүйелер отқа төзімді емес және орман өрттерінен қатты зардап шегеді. Бұл тропиктік жаңбырлы ормандар, тропиктік жапырақты ормандар және т.б.
Өрт бөліктері
Орман өртінің орны негізінен желмен анықталатын өрттің бағытымен анықталады. Осы мағынада от сызығы, қапталдары мен құйрығы және қосалқы фокусы анықталады. Бастапқы нүктеден бастап, өрт ұшақтың барлық бағыттарына таралады, бірақ басым жел бағыты оның сипаттамаларын анықтайды.
өрт фронты: бұл желдің басым бағытын қолдайтын оттың алдыңғы жағы, ал жалын жалын тілдерінің пайда болуына мүмкіндік беретіндей жоғары. Соңғысы - жерді жабатын және өрт аймағын кеңейтетін фронттың бойлық ұзартқышы.
Шекаралар: жел бүйірден соғатын алға қарай бет алған оттың бүйірлік бөліктері болып табылады. Өңірде өрт азырақ қарқын алып, баяу өрбіді.
Cola: өрт шыққан жеріне сәйкес келетін орман өртінің артқы жағы. Бұл кезде жалын аз, өйткені отын материалының көп бөлігі тұтынылған.
Екіншілік ошақтар: желдің немесе тік еңістің әсерінен қозғалатын жанып жатқан материалдың фрагменттерінің әрекеті әдетте негізгі ядродан алыс тұтану көзін жасайды.
Орман өртінің негізгі себептері
Орман өрттері табиғи себептерден немесе адам әрекетінен туындауы мүмкін.
Табиғи себептер
Кейбір өсімдіктердің өрттері найзағайдың әсері сияқты қатаң табиғи себептерден туындайды. Сондай-ақ қолайлы жағдайларда өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің өздігінен жану мүмкіндігі атап өтілді. Алайда кейбір зерттеушілер мұны жоққа шығарады мүмкін, себебі орман өрттерінің басталуы үшін қажетті температура 200 ºC-тан асады.
техногендік себептер
Дала өрттерінің 90%-дан астамы кездейсоқ, абайсызда немесе қасақана адамдардың кесірінен болады.
Жазатайым оқиғалар: Көптеген орман өрттері қысқа тұйықталу немесе табиғи кеңістіктер арқылы өтетін электр желілерінің шамадан тыс жүктелуінен туындайды. Кейбір жағдайларда мұнара түбінде және электр желілерінің бойында арамшөптер жойылмағандықтан болды.
Салақтық: Орман өрттерінің жиі себебі - сөндіру қиын немесе бақыланбайтын өрттер. Жол жиегіне төгілген қоқыстарды немесе үйінділерді дәл осылай өртеп жіберіңіз.
Айтпақшы: техногендік орман өрттері жиі болып тұрады. Сондықтан, от жағуды ұнататындықтан психикалық проблемалары бар адамдар (өртеушілер).
Екінші жағынан, көптеген орман өрттері өсімдік жамылғысын жою және жерді басқа мақсаттарға пайдалануды негіздеу үшін әдейі қойылады.
Осы ақпарат арқылы сіз орман өртінің не екенін және оның сипаттамалары туралы көбірек біле аласыз деп үміттенеміз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»