Күн тәртібінде қаралған мәселелер жөнінде Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов және аудандық су шаруашылығы мекемесінің директоры Жасұлан Қылышбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайы және алдағы жоспарлармен бөлісті.
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары туралы сөз қозғаған Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Х.Кеңесов Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Жылқыбаев және Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Әбдиевпен «Жалпы білім беретін мектептің басшы құрамы, мұғалімдермен оқушылардың 2023-2024 оқу жылына арналған жалпы мектептік оқу жаттығуға (нысандық жаттығу, сейсмо жаттығу және өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығу) даярлық өткізу туралы» бірлескен жоспары бекітілген атап өтіп, бекітілген жоспар кестелерге сәйкес көрсетілген мерзімінде жаттығуларды өткізіп уақытылы ақпарат ұсынуын мекетеп басшылары қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау және 2023 жылғы жазғы шомылу кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау туралы баяндады. Жазғы шомылу маусымы барысында арнайы рейдтік шаралар атқарылатынын, тұрғындардың шомылуы үшін аудан аумағындағы су айдындарына зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы көтерілген мәселелердің өзектілігіне тоқталып, қажетті шараларды мерзімінде сапалы орындау бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы кеңінен айтып берді. Біз төменде осы комиссия отырысында баяндалған төтенше жағдайлардың алдын алу, орын ала қалған жағдайда олардан қорғану шараларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу қажет?
1. Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.
Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).
Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.
Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.
Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс.
2. Сізге мыналарды білген жөн:
Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз.
Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз.
Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар.
Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз.
Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
3. Артық ештеңе алмаңыз.
Алайда, мынаны есте ұстаңыз: көбірек тамақ, ауыз су және дәрі-дәрмек, бір-екі бастапқы қажеттілік жиынтығын алған жөн.
4. Эвакуация кезінде қалдырып бара жатқан бағалы бұйымдарыңыз бен жәдігерліктеріңізді жедел түрде жинау және сақтау үшін алдын ала орын дайындаңыз.
5. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз.
Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, осыған кірісіңіз. Ол – үш минуттан бес минутқа дейін тоқтамастан созылатын сирена дыбысы. Оның мағынасы мынадай: барлығыңыз радио мен теледидарды қосып, оларды қайда не болып жатқаны туралы хабарламалар алу үшін жергілікті толқынға бағыттаңыздар.
6. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, алғашқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз.
Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз. Бұнымен бір мезгілде алғашқы қажетілік жиынтығыңыздың жинаулы екенін тексеріп, тағы да қандай заттар керек болатынын бағамдаңыз. Егер БАҚ төтенше қызметтер нұсқауларын беріп жатқан болса, міндетті түрде құлақ түріп, жеке жоспарыңызды соған сәйкестендіріңіз.
7. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз.
Егер де телефоныңыз бар болса, жақындап қалған төтенше жағдай кезінде онымен туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға қоңырау шалмауға тырысыңыз. Төтенше жағдай кезінде телефон арқылы тек төтенше қызметтерге қоңырау шалыңыз, оларға жаралылар жайлы хабарлап, қандай да бір жаңа төтенше жағдай немесе оның төну қаупі туралы айтыңыз. Бірақ қандай жағдай болса да, жөнсіз қоңырауларға жол бермеңіз.
8. Күнделікті өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз.
Дұрысы, оған дейін, күнделікті бос уақытта туыстарыңыз бен жақындарыңызға олар тұрып жатқан өңірде қандай қауіптердің кездесуі мүмкін екені және азаматтық қорғау органдары мен БАҚ-тың төтенше жағдай болады деген хабарын алған сәтте өздерін қалай ұстауы керектігі жайында қарапайым тілмен түсіндіріп қойғаныңыз абзал. Ол үшін сізге алуан түрлі төтенше қызметтер әзірлеген нұсқаулықтар қажет болады. Осындай нұсқауларды адамдар санасына біртіндеп сіңіре отырып, сіз ерте ме, кеш пе, шындап қауіп төнген жағдайда ешкімге хабарласып, ескертуге мәжбүр болмайтын жағдайға жетесіз.
9. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз.
Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Су тасқынының ағынына, ормандағы өрт орамына немесе қатты боранға тап болған автокөліктерде опат болған жолаушылар саны тым көп. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз.
10. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз.
Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Төтенше қызметтердің міндеті – ТЖ аймағындағы ғимаратты қарап шығып, адамдардың оларға қайта кіруіне болатынын не болмайтынын анықтау.
Егер де ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз, жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақпен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз.
Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Күдікті иістерді сезсеңіз, төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
Үзілген сымдардан (оның ішінде телефон сымдарынан) аулақ болыңыз. Кез- келген мұндай сым қанқұйлы қауіп көзі болып табылады.
Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі тексеріңіз: олар уланған (химиялық заттармен уланбағанның өзінде өңезденуі мүмкін) немесе бұзылған (мәселен, олар тоңазытқышта жатып, ұзақ уақыт электр қуаты болмаған жағдайда) болуы ықтимал.
Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз. Суды пайдалану немесе (қажетіне қарай) оны зарарсыздандыру жөніндегі төтенше қызметтердің нұсқауларына міндетті түрде құлақ асыңыз.
Егер де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс.
Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы ықтимал. Мәселен, күшті желден сынған ағаштар құлап, жолдағы автокөліктерді басып қалған немесе жолда кенеттен терең ойпаттар пайда болған жағдайлар бар. Дүлей апаттан кейін көпірлер әсіресе қауіпті болып келеді.
Егер сонда да жолға шығуыңызға тура келсе, онда барынша сақтық танытыңыз, жылдамдық арттырушы болмаңыз. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз, ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
11. Туыстарыңыздың да қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз.
Зілзала жағдайында телефонды пайдаланбаған жөн, алайда ең сындарлы сәттердің артта қалғаны ресми түрде мәлім болысымен, бірден туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. Сізден хабар алмаған соң, олар ТЖ-ны жою штабына хабарласуы мүмкін, сөйтіп сізді із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізеді. Нәтижесінде сізді іздеуге жұмсалатын уақыт пен күшке әлдеқайда тағы біреулер мейлінше зәру болуы мүмкін.
Дауылдың алдын алу туралы хабарлама арқылы қозғалысқа шектеу қойып, үйге азық-түлік, су мен отын қорын толтырып алу қажет. Қар борасыны адам тұратын жерден алыс жолда қалған адамдарға қауіп тудырады. Әдетте қар басып қалған жолдар, көрінудің нашарлауы жергілікті жерде бағдардың болмауына әкеп соқтырады.
Боранды күні қар астында қалып қою қаупі бар. Ондай кезде жылы киім-кешектеріңізді киіп, арқаңызды желге қарай беріп отырыңыз да, полиэтилен жамылыңыз, сосын сіз біреуді, ал біреулер сізді көруі және ауа кіруі үшін басқан қардан жол көрінетіндей тесік жасаған абзал, сөйтіп жиналған қардың арасынан кез келген уақытта шығуға мүмкіндік жасау керек.
Қалың қардан жасалған панаға отырғанға дейін жақын жердегі елді мекенге баруға бағдар іздеу және олардың орналасуын есте сақтау қажет. Қолда бар материалдардан жолақша жасап, қардан жасалған пананың ішіне бағдар жасау керек. Ақборан жергілікті жердің сыртқы бейнесін өзгертіп жіберуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, егер өзіңіздің алдағы бағдарыңызды жасап алмасаңыз, кейін жолды табу қиынға соғады.
Ақборанның басылуын аяқпен тік тұрып күтуге болмайды. Ерте ме, кеш пе бағдардан айырылып қалу, шаршау, демалуға отыру және тоңу қаупі бар.
Егер дауыл кезінде сіз көшеде қалсаңыз, сізге дереу қандай да болмасын берік үй-жайға тығылу қажет. Қирауға жақын тұрған үй-жайға кірмеңіз. Қандай жағдай болмасын, жарнама қалқандарының артына, автобус аялдамасына, ағаш түбіне, үй қабырғалары жанына тығылмаңыз, себебі шифрлер құлауы мүмкін. Электр беру желілерінің астына тұрмаңыз.
Автомобильдегі тергеу кезінде борасыннан құтылудың амалын жасамаңыз, тоқтап, автомобильді ыққа қарай орналастыру керек. Ара-арасында машинадан шығып тұру қажет, қардың астында қалмау үшін оны тазалау керек. Қар астында қалмаған автомобиль құтқарушылар үшін жақсы бағдар. Сондай-ақ газ шығатын трубаның қар астында қалмауына ерекше көңіл бөлу қажет, ол үшін оқтын-оқтын автомобиль қозғалтқышын іске қосып отыру керек.
Егер жолда бірнеше адам қалса (бірнеше автомобильде) барлықтарына бір автомобильде жиналып отырып, паналау орны ретінде бір көлікті пайдаланған жөн.
Жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейін не істеу керек?
Түркістан облысы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанын ескере отырып, қала тұрғындарына «дабыл дорбасын» алып жүруге кеңес беріледі.
«Дабыл дорбасына» салынатын заттар:
1) Құжаттардың көшірмелері, ақша.
2) Алғашқы көмек қобдишасы.
3) Қыста бір адамға 3-4 литр, жазда 5-6 литрден су.
4) Консервіленген, жоғары калориялы тағам.
5) Гигиеналық құралдар.
6) Қосалқы киім, аяқ киім, көрпе.
7) Радио, батареялар, телефонды зарядтауға арналған портативті батарея (PowerBank), ысқырық, фонарь.
«Дабыл дорбасы — шартты атау, ол дөңгелектегі чемодан, рюкзак немесе сауда сөмкесі болуы мүмкін. Онда үш күн бойына қажетті заттарды: тамақ, су, жылы киім, дәрі — дәрмек, ысқырық пен фонарь қою керек, сонда ғимарат қираған жағдайда сигнал беруге болады. Сондай — ақ, қажет болған жағдайда, сөмкеге басқа нәрселерді де салуға болады. Қағазға туыстары мен достарының телефон нөмірлерін және зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің мекенжайларын жазыңыз. Төтенше жағдай кезінде байланыс және электр қуаты үзіліп, телефон сөніп қалуы әбден мүмкін.
Тұрғын үйлерде құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді жүргізу ұсынылады, яғни үйдегі жиһаздар мен қабырғаларға бекіту (бұрандалау). Мұны қолда бар арнайы құралдардың көмегімен жасауға болады. Мұнда жалпы стандарт жоқ.
Үйіңізге немесе жұмысыңызға ең жақын зардап шеккен адамдарға арналған пунктті білу және есте сақтау маңызды, себебі ықтимал жер сілкінісінен кейін байланыс пен интернет қолжетімді болмауы мүмкін. Төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен адамдарға арналған пунктте эвакуацияланған халықты тіркейді. Бұл жер сілкінісінен кейін адамдар жақындарын табуы үшін жасалып отыр. Осы тізімдер бойынша адамдар іздестіріледі. Келесі кезең – адамдарды қауіпсіз жерге көшіру. Ықтимал эвакуация екі жолмен: автобуспен және пойызбен тасымалданылады.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен стадиондар базасында халықты жинау, есепке алу және қауіпсіз аймақтарға тасымалдау шаралары жүргізіледі. Жағдайға қарай құрастырмалы эвакуациялық пункттер құрылады. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің барлық мекенжайларын 2GIS платформасында қарау арқылы табуға болады. Навигатор зардап шеккен тұрғындарды қабылдаудың ең жақын пунктін көрсетеді.
Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек?
Әрбір алматылық «Жер сілкінісі кезіндегі 10 ережені» сақтау керек.
1) Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
2) Соққылар кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
3) Жиһаздарға, терезелерге, люстраларға жақындамаңыз;
4) Жабық жер табыңыз, басыңызды қолыңызбен жабыңыз;
5) Жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін бөлмеден шығыңыз;
6) Кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7) Дабыл добасын алыңыз (алдын ала дайындалу керек);
8) Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс жүріңіз;
9) Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
10) Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.
Егер адам көпқабатты үйде болса, жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
«Жер сілкінісі кезінде адам ғимараттан шығу немесе қауіпсіз орын табу туралы шешім қабылдайтын белгілі бір секундтары бар. Мысалы, егер адам көпқабатты үйлерде тұрса, оның көшеге жүгіріп шығуға уақыты болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол қауіпсіз жер табу керек. Қауіпсіз жер – берік қабырға, бұрыш немесе есік.
Маңызды! Назар аударыңыз! Сіз жұмыс істейтін ғимаратыңызда көрсетілген түрлі — түсті қолшатырдың суреті бар орындарды табыңыз. Бұл жерлерді есте сақтаңыз. Суреттер жер сілкінісі кезінде паналауға болатын ең қауіпсіз жер дегенді білдіреді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»