– Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария бассейндік өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 66 текше метр су жіберілуде. Жалпы облыс бойынша су қоймаларының орташа толуы 45-50%-ды құрайды. Бүгінгі таңда өзен арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ, – деді департамент бастығы.
Бүгінде Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың бас тоспасы бекітілген. Қапталған 53 тонна құм, 584 шатыр, 4622 – кереует, 36 мың адамға арналған төсек-орын дайындалған. Сондай-ақ, 26,9 шақырым өзендерде жаға бекіту және арна түзеу жұмыстары жүргізілсе, 29,9 шақырым қорғаныс дамбасы тұрғызылған.
Бұдан өзге, 25,2 шақырым каналдар механикалық тазартудан өткізіліп, 400 шақырым арық-атыздардың арнасы қоқыстан тазартылған.
– Өткен жылы облыста ауа райының қолайлы болуынан және төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларының дер кезінде сапалы орындалуынан су тасқыны және су басу жағдайлары орын алған жоқ. Қазіргі таңда су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күнге Шардара су қоймасында 4185 млн. текше метр су бар. Ал, Көксарай су реттегішінде жиналған су қоры 1061,88 млн. текше метрді құрап отыр, – деді Нұрғали Сырлыбайұлы.
Айта кетерлігі, облыс аумағында 40 су қоймасы бар. Оның ішінде 18-і республикалық меншікте болса, 17-сі қала, аудандық коммуналдық меншікке берілген. Ал, 5 су қоймасы жекеменшіктің қолында.Бір қуанарлығы, қараусыз қалған су қоймалары жоқ.
Қазақстан көшкінге, су тасқынына, селге, құрғақшылыққа және экстремалды температураға бейім. Бұл табиғи апаттар жыл сайын экономикалық шығын әкеледі. Бұл ретте Қазақстан халқы мен экономикасы жер сілкінісі мен су тасқынынан қатты зардап шегуде.
Қазақстанда су тасқыны қаупі барынша айқын, өйткені нөсер жаңбыр мен қардың еруі айтарлықтай зиян келтіреді. Мәселен, Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨЭЫ) 2022 жылғы есебіне сәйкес су тасқынынан орташа жылдық шығындар 419 млн АҚШ долларынан жеті есе артық.
Сонымен қатар, елдің барлық аймақтарында су тасқыны қаупі бар. Қазақстанның көптеген солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарында және Қызылордада ең үлкен орташа жылдық шығын тіркелді. Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында келтірілген шығын көлемі аз.
Бұл проблемада аймақтың төрт елі-Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағы арқылы ағатын Сырдария өзені маңызды рөл атқарады. Бұл оның бойында тұратын мыңдаған адамдарға қауіп төндіреді. Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызу көлемінің ұлғаюы, өзен ағысынан төмен жиі мұз кептелісі, жаңбыр мен қардың еруі Өзбекстанда, сондай-ақ Қазақстандағы Қызылордаға жиі су тасқынына алып келеді.
Құрбандардың ең көп орташа жылдық саны Ақмола және Қызылорда облыстарында тіркеледі. Жер сілкіністеріне келетін болсақ, Қазақстанда олардан келетін орташа жылдық шығын 57,6 млн (АҚШ)
Елдегі шығындардың ең жоғары деңгейі Алматы облысына тиесілі. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді. Тек осы үш аймақ елдің орташа жылдық шығындарының шамамен 100% құрайды, елдің қалған бөлігі жер сілкінісі қаупіне ұшырамайды.
Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек?
Сел - су, құм жəне тастардан тұратын үлкен деструктивті күш ағыны. Ол ғимараттарды, жолдарды, байланыс желілері мен құрылыстарды бұзуға, бақтарды жоюға, егістік жерлерді толтыруға, адамдар мен жануарлардың өліміне əкелуі мүмкін.
Селдің пайда болу себептері:
қарқынды жəне ұзаққа созылатын нөсер, тау су қоймаларының бұзылуы
қар немесе мұздықтардың тез еруі
өзен арнасында көп мөлшерде борпылдақ топырақтың құлауы
жер сілкінісі
тау-кен кəсіпорындарының жұмыс ережелері мен нормаларының бұзылуы
жолдарды төсеу жəне басқа құрылыстарды салу кезіндегі жарылыстар
ауылшаруашылық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі
орманды кесу жəне топырақ-өсімдік жамылғысын бұзу
Сел қаупінің белгілері
- таулы жерлердегі ұзақ немесе қарқынды нөсер жаңбыр
- сел қаупі бар өзендердің жоғарғы ағысында ауа температурасының күрт жəне ұзақ уақытқа көтерілуі
- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоғарылауы, судың бұлдырлығының жоғарылауы
Селді жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойызға тән гүрілмен тануға болады
Сел қаупі бар өзендердің арналарына барған кезде
- Егер жоғарғы ағысында қатты нөсер байқалса, сел қаупі бар арнадан шығыңыз
- Ол жерде демалысқа тоқтамаңыз жəне сел қаупі бар арналардың жанында, көл бөгеттерінде жəне олардың астында шатырлы лагерь құрмаңыз
- тік жартастар мен тік беткейлердің жанында тоқтамаңыз - сел тастардың құлауын тудыруы мүмкін
- сел тасқыны белгілері анықталған кезде дереу арнадан тау баурайы бойынша жоғары қарай көтеріліңіз
- жылжымалы сел ағынына 50-70 метрден аса жақындамаңыз
- сел білігі өткеннен кейін сел арнасына түспеңіз
Егер сіздің үйіңіз жақын жерде болса:
- эвакуация кезінде шығарылатын құжаттар, мүлік жəне дəрі-дəрмектер тізімін жасаңыз
- құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су мен дəрі-дəрмектерді арнайы дорбаға (рюкзакқа) салыңыз - əрқашан дайын болсын
- егер қауіп төнсе немесе кенеттен сел болса, дайын заттарды алып, рельефтің ең биік нүктелеріне көтеріліңіз
Үйден шығар алдында алдын ала эвакуация кезінде электр, газ жəне су құбырын ажыратыңыз, пештерді сөндіріңіз. Есіктерді, терезелерді жəне желдеткіш саңылауларды тығыз жабыңыз.
Сел кеткеннен кейін қайта жиналудан, құлама сырғымалардан, үзілген жəне салбырап қалған электр сымдарынан, газ магистралдарынан сақтану керек
Қауіпсіз қозғалыс маршрутын және сел кезінде жиналу пункттерін әрдайым білу керек - оларды тұрғылықты жері бойынша аудандық ТЖ бөлімдерінен және ПИК, МИБ-тен анықтауға болады.
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Су тасқыны алдында:
- су басатын ықтималды аумақтардың шекарасын су бармайтын дөңес жерлерді оған қысқа жолды алдын-ала айқындаңыз;
- қарапайым жүзу құралдарын әзірлеу үшін құрылыс материалдарын дайындаңыз;
- көшіру қажет болғанда тамақ қорлары мен киімді, дәрі-дәрмектерді алдын-ала дайындаңыз;
- алдын-ала қажетті құжаттар мен ақшаны дайындаңыз
Су тасқыны болған кезде:
- суды, газды және электр энергиясын ажыратып, тоқтатыңыз
- жанып тұрған жылу пештерін сөндіріңіз;
- барлық құнды заттарды жоғары қабатқа (шатырға) көтеріңіз;
- есік, терезелерді жабыңыз;
- эвакуациялық жиналу пунктіне белгіленген уақытта келіңіз;
Кенеттен болған су тасқыны кезінде:
- өзіңізге мығым болып, үрейге бой алдырмаңыз;
- тез арада жақын маңайдағы биік жерге шығыңыз;
- қажетті эвакуация жағдайында қолда бар жүзу құралдары арқылы өзіңізді құтқарыңыз;
- күндіз биік жерге ақ немесе түрлі-түсті мата іліп қою керек, түнде жарықпен белгі беріп отырыңыз.
Су тасқыны өткеннен кейін: - құлау қопарылу ықтималдығын байқау үшін, үйіңізді абайлап, тексеріңіз;
- үзілген және салбырап тұрған электр сымдарынан абай болыңыз;
- су тиген тамақ өнімдерін қолданбаңыз;
- санитарлық өңдеуден өткенге дейін су ішпеңіз;
- барлық бүлінген жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлаңыз.