Сәрсенбі, 14 Маусым 2023 20:57

Түркістан: орман және дала өрттерінің алдын алу жұмыстары пысықталды

Түркістан облысында орман және дала өрттеріне қарсы күресте әкімдіктер, жауапты басқарма мен табиғи парк ұжымдары және Төтенше жағдай департаменті бірлесе жұмыс атқарады. Өрттің алдын алу мәселесі талқыланған мәжілісте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.

Облыста жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты мекемелердің («Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» корықтары, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) иелігінде – 304,6 мың га (облыстың жалпы орман қорының 8,8%). Облыс әкімдігіне қарасты 3144,1 мың га мемлекеттік орман қоры жерлері (91,1%) «Бадам», «Отырар», «Созақ», «Шардара», «Жасыл желек», «Жасыл аймақ» және «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітілген.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, орман қорларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылықтарымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, тікұшақтардың, өрт сөндіру техиналарының су алу аумақтары көрсетілген картасы әзірленген. Облыс аумағында орналасқан орман шаруашылықтары 362 адамды құрайтын өрт-химиялық станцияларымен қамтамасыз етілген. Осы орман шаруашылықтарында жалпы 22 өрт сөндіру автокөлігі мен 50 бейімделген қосалқы техника, 48 өрт бақылайтын биік мұнара бар. Департаментпен және барлық Төтенше жағдайлар басқарма бөлімдерімен өрт оқиғасы кезінде хабарлау схемасы бекітілген.

Жалпы, биыл жаз шығар шықпастан орман-дала өрті елімізде көптеп орын алуда. Күні кешегі Абай облысындағы орман өрті сол күнгі әлемдегі ең үлкен өрт боп тіркелді. 15 адамның өліміне алып келді. Бұл еліміздің барлық өңірлері үшін, соның ішінде Түркістан облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына, экологтарына үлкен сабақ болуы тиіс. Ендігі жерде осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін өрттің алдын алу шараларын жақсылап ұйымдастыру қажет. Жоғарыда айтылған жиын сол алдын алудың бастамасы.

Қалай болғанда да құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың,  өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылуда. Орманды, далалы алқаптарда орын алатын өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек. Көп адамдар осындай қарапайым қауіпсіздік шараларын жасауды білмей жатады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі құрғақ шөптің жыл сайынғы бақыланбайтын құлауы мәселесі кешенді сипатқа ие: құлау өрті орман қоры жерлеріне және елді мекендерге өтеді. Құрғақ шөптің құлауынан экологиялық зардаптарға әкелетін көптеген ірі орман өрттері пайда болады.Жасыратыны жоқ, өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай. Алдын алу шаралары – табиғи өрттермен күресудің ең тиімді әдісі.

Сіздің тәртіпсіздігіңіз үлкен проблемаларды тудырмас үшін орманда болған кезде келесі ережелерді орындаңыз: ешқашан егістіктер мен тазартуларға құрғақ шөпті жағуға болмайды. Егер сіз басқалардың мұны қалай жасайтынын көрсеңіз, оларды тоқтатуға тырысыңыз және шөптің құлауы өте қауіпті екенін түсіндіріңіз, ешқашан құрғақ орманда от жағуға болмайды. Ешқашан сөндірілмеген сіріңкелерді немесе темекіні тастамаңыз. Өрт кезінде Тек от жағуға немесе қоқысты жағуға болмайды. Сақ болыңыз! Отты тек топырақ қабатына дейін тазартылған жерде жағыңыз. Майланған және бензинге малынған сүрту материалын орманда қалдырмаңыз. Шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдыруға болмайды. Күн сәулесін сындыру арқылы ол өрт көзі бола алады. Басталатын өртті сумен, жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе жерге лақтырыңыз. Мұндай алдын алу шараларын сақтау табиғи өрттердің пайда болу қаупін едәуір азайтады және табиғатты сақтауға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Өртті өңдеуде өте сақ болыңыз және ешқандай жағдайда өрттің өртке айналуына жол бермеңіз!

Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.

Орман шаруашылығының жұмысында өрт қау­іп­сіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруа­шы­лықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың жоспары мен сызбасы жасалады.

Жоспарда көлік жолдары, тұрғын үйлер, кардондар, өзен, көлдер, орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын мұнаралар, хабар қабылдайтын пункттер, өрт шығу қаупі бар нысандар белгіленеді. Сонымен бірге, оған өрт қауіпсіздігі құрылымының жоспарында орманды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрылғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радиобайланыс ұйымдастыру, ерікті өрт жасақшыларын дайындау және оларды көлікпен қамтамасыз ету т.б. қызметтер кіреді.

Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде лекциялар, баяндамалар, аудандағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде аншлаг паннолар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандырулар шаралары жасалуы қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлер маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізетіні анық.

Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:

– сөндірілмеген шылым не сіріңке;

– аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөп жанып тұтанады;

– механизатор орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;

– орман ішінде болған демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады;

– орман қоры жерлеріне жақын жерлердегі егістің орнын өртейді;

– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады;

Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Осыған орай көктем, жаз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт.

Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар бау - бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналып кетуі мүмкін.

Тілсіз жау адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына айтарлықтай материалдық шығын әкеледі. Негізінде, өрт жаздың қатты ыстығында, ұзақ уақыт жауын жаумай құрғақшылық болғанда жиілейді. Ал орманды және дала алқабының өртенуіне шөптің өздігінен жануы басты себеп. Сонымен қатар, орман өртінің 80 пайызға жуығы тұрғындар еңбек етіп немесе демалып жатқан жерлерінде өрт қауіпсіздігін сақтамауынан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан орын алуы мүмкін. Демек, дала өртінің негізгі себептерінің бірі – адамның отқа ұқыпсыз қарауы, яғни, орманда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы. Бір өкініштісі, орманға келушілердің көбі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс емес,  отты сақтықпен пайдалануға дағдыланбағандардың қатары көп.

Орман өрті орын алса, әсіресе, ұзаққа созылған қуаңшылық жылдары жүздеген гектар жерге таралып, жалыны тиген жердің бәрін тып-типыл етеді. Орман өртінің табиғатқа келтіретін зияны аз емес.  Өйткені жасыл-желектің қайта қалпына келуі үшін ондаған жылдар қажет. Өрт бола қалған жағдайда орманның табиғи қайта түлеуі жойылады. Зиянды орман жәндіктері орман өртінен нашарлаған сүрек-діңдерге қонып, тез көбейе бастайды да, кейіннен олар жанында өсіп тұрған сау ағаштарға ауысып, оларды зақымдап, шірітеді. Қызыл жалын орман ішіндегі құстардың ұясы мен жан-жануарлардың қоректік базасын да жояды.

Ал орман өртінің алдын алу үшін алдымен адамдар табиғатты пайдалану мәдениетін меңгеруі қажет. Орманды өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу бір адамның немесе бір мекеменің жұмысы емес, барша адамзатқа ортақ міндет. Яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қоғам тыныштығының кепілі. Бастысы, жұртшылық өрттің туындауына жол бермеу үшін барын салуы қажет. Орман және дала өртінің алдын алу және жою мәселесі әрқашан басты назарда болып, аталған табиғи апатқа қарсы әрекет етуге дайын болуымыз қажет.

Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман-тоғай өрттері орын алған жағдайда 101, телефонына хабарласыңыздар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 659 рет