Жауапты сала өкілінің айтуынша, жыл басынан бері, яғни, шомылу маусымы әлі ашылмағандығына қарамастан, өңірде 20 адамның суға кету фактісі тіркелді. Өкінішке қарай, олардың 80% шомылуға рұқсат етілмеген және қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген жерлерде орын алған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың 5 айында 17 суға кету фактісі тіркелген. Брифинг барысында спикер халықты рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда шомылуға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
– Жыл басынан бері өңірде суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 58 билборд, баннер және суға түсуге қауіпті, тыйым салынған орындарда 256 белгі орнатылды. Сондай-ақ жадынама, плакаттардың 23 түрі әзірленіп, 19 670 дана шығарылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық ерікті тартылды. Бұдан бөлек, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде насихат жұмыстары жүргізілді. 88 рет мешіттерде және 12 110 адамның қатысуымен 164 халықпен кездесу өткізілді. Аудан және қала аумағында орналасқан ЛЭД экрандарда судағы қауіпсіздік бойынша бейнеролик көрсетіліп жатыр. Суға түсуге тыйым салынған өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 13 540 тұрғын үйге аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құзырлы органдармен 545 рейд ұйымдастырылып, 1706 қызметкер тартылып, 28 620 жадынама таратылды, - деді Қанат Мәлікайдарұлы.
Брифингте белгілі болғандай, бүгінгі таңда, Түркістан облысы ТЖД-ның кәсіби суда құтқару жасақтары Ордабасы мен Шардара аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, қосымша жылжымалы құтқару бекеттері ірі су айдындарында кезекшілік жүргізеді. Әкімдіктерінің қолдауымен 43 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданып, су айдындарындағы демалыс орындарының иелерімен 4 қоғамдық құтқарушы жасақшы даярлықтан өткізілді.
Ал, арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ аудандарда 43 модульді-каркасты бассейін сатып алынды. Бүгінде елдімекендердің ішінде орналастырылып, балалардың тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалды. Облыс аумағында 33 жекеменшік бассейні бар кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын ақысыз суға шомылдыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, департамент пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, «Судағы қауіпсіздік ережелері» бойынша ашық сабақтар өткізіліп, арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылды. Сондай-ақ, барлық ұйымдардың әлеуметтік желілеріне және ата-аналардың және оқушылардың WhatsApp топтарына орын алып жатқан қайғылы жағдайлар, ақпараттық сипаттағы жадынамалар, бейнероликтер, кеңінен таратылып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 2 арнайы коммуналдық жағажай жұмыс істеді. Олар - Сауран ауданында Шаға көлінде және Арыс қаласында Арыс өзенінің бойында. Биыл Шаға көлі 10 маусымнан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.
Жалпы суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
- Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз.
- Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.
- Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз.
-Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз.
-Су ішінде алысып ойнамаңыз.
-Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.
-Егер жалғыз шомылсаңыз, жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.
- Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ – қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;
-Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз.
-Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз. Себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады.
-Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.
Суға бату - суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде демалу бұзылып, тұншығудың болуы. Зардап шеккен адамның терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді, дем алмайды, тамыр соғуы өте әлсіз болып (немесе мүлдем болмайды), аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағады. Бұл кезде зардап шеккенді қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген сәтте жүрегі тоқтап қалуы немесе бас миының және өкпесінің ісінуі өршіп кетуі мүмкін.
Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді естен шығармаңыз. Сабыр сақтап, егер суға кетуші су бетінде болса, онда оны артқы жағынан ұстау қажет. Ал суға кетсе судың астынан іздеп, шашынан не қолынан тартып, су бетіне шығару керек. Өзіңіз не айналадағылардан «Жедел жәрдем», яғни «103-ті» шақыртыңыз. Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек. Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсету мүмкіндігінше тездетіп оттегі жеткіліксіздігін қалпына келтіруден тұрады.
«Су - тілсіз жау». Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.Осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары мен ережелерін қатаң сақтайтын болсаңыздар, өздеріңізді, барлық жақындарыңыз бен достарыңызды қауіп-қатерден аман алып қала аласыз. «Өз өмірің өз қолыңда» екенін ешқашан естен шығармаңыз.
Ата-аналар назарына!
Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады. Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда көруге болады.
Осыған байланысты жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан жасалған немқұрайлық орны толмас жағдайларға апарып жатады.
Балаларыңызды сақтаңыздар!
Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!
Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!
Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!
Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!
Суда ойнауға тыйым салынады!
Жалған дабыл беруге тыйым салынады!
Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!
Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!
Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!
Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!
- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;
- суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, ылди жағада, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;
- егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде сүңгімеңіз;
- күн қатты түсіп тұрған жерлерде қыздырынбаңыз;
- судың температурасы 20 градус болуы керек, су ішінде 20 минуттан артық жүрмеңіз, бұл уақытты біртіндеп 3-4 минутқа қосылып отыруы керек;
- күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы мүмкін;
- белгіленген буйкалардан асып жүзбеңіз, жағадан алыс ұзамаңыз;
- кері қайту жолды ұстану қажет;
- кеме тұтарын жерлерге жақын малтымаңыз;
- кеме келе жатқан жерлерге жақын бармаңыз, кеменің толқыны сізді айдап әкеліп, астына кіріп кетуіңіз әбден мүмкін;
- қайықтан, құлама жағадан бірден суға секірмеңіз, басыңызды қатты затқа соғып алуыңыз мүмкін., бұл зат немесе ағаш тамырлары да болуы мүмкін;
- суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды, егер абайсызда ойнаймын деп шошытып алсаңыз, суға тұншығып қалуы мүмкін;
- қайықты шамадан тыс толтыруға болмайды, жиегіне отыруға болмайды;
- қайыққа міндетті түрде алдыңғы жағынан міну қажет, сонда қайық тепе теңдікті сақтайды.
Тыйым салынады:
– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;
– қатты толқын кезінде суға түсуге;
– үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге;
– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;
- 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге;
- салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
Суда қауіпсіз демалу адамның өзін-өзі ұстау тәртібіне байланысты. Өзіңізді және отбасыңызды қорғау үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:
1. Тек арнайы бөлінген орындарда, жабдықталған жағажайларда шомылыңыз, қауіпті жағдайда сіз құтқарушының мамандандырылған көмегін ала аласыз. Қалада шомылуға рұқсат етілген орындар: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс орындары.
2. Мас күйде шомылмаңыз. Бұл – судағы адам өлімінің негізгі себебі.
3. Қайықтарға жақын жүзбеңіз.
4. Қайықтар мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз: оларға шамадан тыс күш түсірмеңіз, шайқамаңыз, олардан суға секірмеңіз, қайыққа қажет болған жағдайда алдынан немесе арт жағынан көтерілу керек. Есіңізде болсын, қайықта отырғандардың арасында бір адам жүзе алмауы мүмкін.
5. Жүзе алмаған жағдайда үрлемелі матрастарды, камераларды, тақталарды қолданбаңыз. Тіпті ақырын соққан жел оларды жағадан алыс алып кетуі мүмкін.
6. Егер сіз жүзе алмасаңыз, суға тек белбеу арқылы түсіңіз.
7. Шомылуға арналған орындарда арнайы орнатылған қоршаулардан асып жүзбеңіз. Бұл – ескерту белгісі. Ұзақ жүзу – бұл гипотермия, бұлшықеттің шамадан тыс жұмысы, дененің құрысып қалуы, ал оның соңы өлімге әкелуі мүмкін.
8. Суда ерсі әрекеттер жасамаңыз. Суға малтып, жүзіп жүргендерге тап бермеңіз, өзгелерді қорқытпаңыз.
9. Жалған апат сигналдарын бермеңіз.
10. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»