Super User

Super User

Түркістан облысы: Мемлекеттік рәміздер күніне орай 10 мыңға жуық адам қатысқан жалпыхалықтық таңғы жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бастамасымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан қаласында жалпы халықтық таңғы жаттығу ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: Мемлекеттік рәміздер күнінде Созақ ауданында 29 отбасы қоныс тойын тойлады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақ ауданы орталығындағы Жеткіншек ықшам ауданында 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Рәміздер аллеясы пайдалануға берілді

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ордабасы ауданында тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті. Мерекелі күнде аудан орталығы Темірлан ауылында жаңа «Рәміздер аллеясы» пайдалануға берілді.

Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды.  Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Осы RSS каналға жазылу