Super User

Super User

Түркістанда оқушылар құрастырған «YasSat-2026» наноспутнигі аспанға жол тартты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласын дамыту жөніндегі бастамалары аясында және Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай Түркістан қаласында тарихи маңызы бар ғылыми-технологиялық жоба жүзеге асырылды.

Түркістан облысы: Сауран ауданында балмұздық өндіретін кәсіпорынның қазығы қағылды

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінің Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндірістік алаңында құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазық қағу рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және тиісті бөлім басшылары қатысты. Өз сөзінде аудан әкімі өндірістік жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды тетігі екенін атап өтті.

Кентау қаласындағы кәсіпорын пластик қалдықтарды өңдеп, экспортқа шығаруда

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ТҚҚ) басқару және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда ТҚҚ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 36 мекеме қоқыс жинау және тасымалдаумен айналысса, 15 кәсіпорын қоқысты сұрыптау, 5 кәсіпорын қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Түркістанда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу