Сауран ауданында Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде
2026 жылға Марокко шегірткесіне қарсы 6525 гектар аумақты өңдеу жұмыстары жоспарға қойылған. Сауран ауданында бұл жұмыстар екі секторға бөлініп жүзеге асырылады. І-секторға Жаңа Иқан мен Ескі Иқан аумақтары, ІІ-секторға Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал, Бабайқорған ауылдары жатқызылған.