Турнир қызметкерлердің спорттық рухын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жауынгерлік даярлықты жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналды. Тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер барысында қатысушылар ерік-жігерін, сабырлылығы мен жеңіске деген ұмтылысын танытты. Командалық есеп нәтижесінде жүлделі орындар осылай бөлінді: І орын Түркістан облысы, ІІ орын Қарағанды облысы, ІІІ орын Алматы қаласы.
Турнирдің басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайту. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат