Түркістан облысы: Ордабасының мақта талшықтары экспортталып жатыр
Ауданда жиналған «ақ алтын» өнімдері Чехия, Белоруссия мен Молдова елдеріне жөнелтіліп жатыр. Қазір кәсіпкерлер бұнымен шектелмей, өзге мемлекеттерден де тапсырыс қабылдау үстінде.
Ауданда жиналған «ақ алтын» өнімдері Чехия, Белоруссия мен Молдова елдеріне жөнелтіліп жатыр. Қазір кәсіпкерлер бұнымен шектелмей, өзге мемлекеттерден де тапсырыс қабылдау үстінде.
Түркістан облысында биылғы 9 айда 30 436 отбасыға (173 620 адам) жалпы сомасы 12769 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймағында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі іске қосылғаны мәлім. Биыл Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі бойынша 173 мың азаматқа қолдау көрсетіліп, 2,8 млрд. теңге қаржы берілген. Оның ішінде 2580 адам өз ісін ашып, кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондай-ақ 54 мың азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысыпты.
2022 жылға қарай Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,5 есеге артады. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында белгіленген міндеттердің үдесінен шығу мақсатында «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» әзірленді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен басқосуда ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық VIII Азаматтық форумы өтті. Екі жылда бір рет өткізілетін аталмыш форум — қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерінің арасындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл жүргізу үшін құрылған сұхбат алаңы. Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында 2 пленарлық секция өтті.
Созақ ауданының 90 жылдығы қарсаңында көптеген әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілуде. Инфрақұрылым тарту жұмыстары да – жергілікті биліктің басты назарында. Жуырда Созақтағы 6 ауылдың көшесі жарықтандырылды. Сөйтіп, мерейтой қрсаңында ауыл тұрғындары қуанышқа кенелді.
2019 жылдан бастап Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұл туралы Түркістанда өткен автобустық тасымалдауды дамытудың кешендік бағдарламасын іске асыруға арналған форумда айтылды. Жиынға еліміздегі автобус құрастырумен айналысатын зауыт өкілдері, аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус паркінің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Түркістан облысында 2022 жылға қарай өңірлік маңызы бар жолдар 90 пайыз жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіледі. Соған сай көлік апаты да азаймақ.
Өндіріс ошағының жобалық құны – 7,5 млрд. теңге. Күніне 100 тонна сүт өндіретін кәсіпорында қазір жүз адам еңбек етеді. Оның 10-ы қытайлық маман болса, қалғаны – жергілікті тұрғындар.