Марафон аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы бастаған делегация Сызған ауылына арнайы келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері, аудандағы сұрапыл соғыстың соңғы сарбазы Мырзахмет Жылысбаевқа құрмет көрсетті.
Ардагерге республикалық марафонның арнайы хаты табысталып, естелік сый-сияпаттар мен марапаттар ұсынылды. Өз кезегінде Пердебек Сержанұлы: «Бұл тек марафон ғана емес – бұл елдік өсиет, аманат. Ардагерлердің өмір жолы мен тағылымы – әрбір жас үшін тәрбие мектебі. Жастар – осы аманатты болашаққа жеткізетін мұрагерлер», – деп атап өтті.
Айта кетейік, маусым-қыркүйек айлары аралығында өтетін республикалық марафон еліміздің барлық өңірлерін қамтып, Астана қаласында қорытындыланады. Жоба аясында ардагерлердің өсиеті хат түрінде рәсімделіп, елордада салтанатты түрде сақтауға тапсырылады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат