Байқауға келген көпшілік алдымен тақырып аясындағы аудандық орталық кітапхананың кітап көрмесі мен әжелердің қолөнер ұйымдарымен танысты. Аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер алқасының төрайымы Тұрлыбек Мейрамкүлдің бастамасымен, аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Әр ауыл округтерінен келген үміткерлер ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. Әжелеріміз ән де айтты,би де биледі.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов қатысушыларға сәттілік тілеп, әр шаңырақтың берекесіне айналған әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып өтті. Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлдегер атанған әжелер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан өзге де әжелер арнайы номинациялармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Марапаттарды табыстау сәтінде аудандық Әжелер алқасының төрайымы Мейрамкүл Тұрлыбек пен «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдан Байжұман ұр-пақтар сабақтастығын жалғастыруда, ата-баба аманатына адал болуда, бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды насихаттауда әжелердің орны маңызды екенін айтып, шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыстарын айтты.
Әже-отбасының алтын қазығы. Өмірден көргені мен түйгені мол әжелеріміздің тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің мәнін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі, онымен қоса әже шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді.
Әжелер үнемі «арыңды аяқ асты етпе», «үлкеннің жолын кеспе», «біреуді жамандама», «бөтен адамның ала жібін аттама» деген сияқты адамгершілікке баулитын сездерді қайталап, жақсы-жаманды ажыратуды, үлкен-кішіні танытып, мінез-қүлық, тіл тәрбиесін қальГптастыртып, бала-ға үй шаруасына бейімделуді үйретіп, елгезек, тілалғыш, мейірімді болып өсуіне үлкен үлес қосады. Әжелер батырлар жырын айтып баланы ерлікке баулып қана қоймайды, атабабасының тарихынан хабардар етіп отырған. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейіріміне бөленіп, тәрбиесін алып өскен бала өжет, рухы биік батыр әрі мейірімді, адал болып өседі. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кележатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зөрделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңцап өскен бала Абай дана Абайға айналды. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.
Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі- жырлармен сусындататын әженің орны ойсырып, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, үрпақ жалғасы үзіліп қалды. Әжесінің басқан ізін аңдып, бауырына тығылып, етегіне оратылып жүретін кешегі бала, бүгінгі ата-аналардың көбі заман талабы деп, еуропалық тәрбиені таңдады. Туған баласын әжесімен араластырмайтын болды. Кейбір әжелердің де бұған онша құлқы жоқ. Тіпті кейбір отбасыларда немересі әжесін бос уақыты көп бала тәрбиешісі деп қабылдайтыны өкінішті-ақ. Бүгінгі таңда әже мен немере арасының алшақтауының түпкі себебі – жұмыс бастылықта. Әжелер зейнеткерлікке шыққанмен жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан немерелеріне уақытын бөле алмайды. Екіншіден, жас ата-аналардың көбі үлкендерге лайықгы құрмет пен сыйластықтарын көрсете алмауында. Әже немересіне бір нәрселерді түсіндіре бастаса, келіні бірден тоқтатып тастайды. Ал баланың көзінше үлкенге құрмет көрсетілмеген соң, ол да сыйлаудан қалады. Әже немересіне әке-шешесінің бере алмаған махаббатының орнын толықтырғаны жөн.
Алайда дастархан басында әжелеріміз салт-дәстүрді, ұлттық тәрбиені насихаттайтын әңгімені емес, телесериалдан көргендері мен теледидар мен әлеуметтік желі арқылы келген небір жәйттер жайлы айтып отырады. Өзінің көкірегі сайрап тұрмаған соң, не айтсын. Сондықтан қазіргі әжелер арасында ұлттық тәрбие бере алатындары аз. Қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден ажырап бара жатыр. Қазақтың бесік жырын шетелдің даңғаза әуені алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер алмастырды.
Далаға немерелерін ертіп шығып аулада асыр салып ойнатып, немерелеріне қуаныш, шаттық сыйлап, махаббатына бөлендіріп жүрген әжелеріміз баршылық. «Әже көңілдің ажары, Немере өмірдің базары». Қазақ - басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына үлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылыкгы қыз тәрбиелеген. Ауылдың бір баласы тәрбиесіздік танытса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - дейді Мүхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әжелер мектебі - бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.
Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз. Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, ұрпақ жалғасы үзіліп қалды.
– Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәнін әжелер сепкен. Ата мен әженің тұңғыш немересін бауырына басып, өз баласынан артық бағып-қағуында үлкен мән бар. Бұл – әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі. Ал көргенді қарт ата мен әже балаға өзінің әке-шешесін құрметтеуді міндеттеп отырған, – дейді этнограф Құралай Сәрсембина. – Өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені ата мен әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі – дейді ол.
Қартын қазынаға балаған қазақ жұрты қашанда алдыңғы буынды өзіне бағдаршам санаған. Әсіресе отбасында әже тәрбиесінің өзіндік мәні барын түйсініп, бала тәрбиесінде әженің орнын жоғары қойды. Тіпті бір бала жетістікке жетіп немесе елдің алдында көргенділігімен көптің ықыласында бөленіп жатса, «қанша дегенмен шал-кемпірдің баласы ғой» деп ерекше ықылас білдірген. Иә, үлкенге құрмет көрсеткен халық кез келген жағдайда алдымен олардың бірауыз сөзіне тоқтап, ақылын аяқасты етпеген. Бірақ одан ешкім жаман болған жоқ. Дала жұмысында аталарымыз адал еңбекті дәріптесе, отбасында әжелеріміз ізгілікті, жақсылықты, әдепті кейінгі буынға өсиет етті. Енді осы үрдіс үзіліп қалмауы керек, отбасындағы әже тәрбиесі, әженің рөлі қашанда өз маңызын жоғалтпауы тиіс.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат