Түркістан: Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде өткен сенбілік 500-ге жуық адам қатысты

Ордабасы ауданының аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасында балалар тынығатын аймақты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысып, сенбілік жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Шымкенттік ғалымдар қаңлы дәуірінің мұрасына зерттеу жүргізді

Шымкент қаласында орналасқан іргелі оқу орындарының бірі – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Археологиялық орталығы Нидерландтың Лейден университеті ғалымдарымен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді.

Шымкент: Абай жазбаларының жаңартылған транскрипциясы жарық көрді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы хакім Абайдың 180 жылдығына орай «АБАЙ. Мүрсейіт қолжазбаларына сүйеніп жасалған транскрипция» атты жаңа ғылыми еңбекті жарыққа шығарды.

Ана тіліміз цифрлық кеңістікте де өз орнын тауып жатыр

Шымкент қаласында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қазақ тіліндегі медиаконтентті дамыту бағытындағы ауқымды жобаларының аясында әлемдік киностудияның танымал туындысы қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Компания TV+ платформасы арқылы Disney студиясының үздік фильмдерін қазақ тілінде ұсыну арқылы отандық цифрлық экожүйені жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Түркістан: Ордабасыда «БАҚ жұлдыздары» өнер байқауы өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Журналистер күні мерекесі және «Ордабасы оттары» газетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «БАҚ жұлдыздары» атты байқау өтті. Аудан әкімдігі қолдауымен және жергілікті азаматтардың демеушілігімен ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысы және Шымкент қаласының БАҚ өкілдері қатысты.