Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында Тұран даласының терме-толғаулары шырқалды
«Тұран даласының терме-толғаулары». Осындай атаумен Мақтаарал ауданында облыстық семинар өтті. Оған мәдениет саласының мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
«Тұран даласының терме-толғаулары». Осындай атаумен Мақтаарал ауданында облыстық семинар өтті. Оған мәдениет саласының мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке 16 аудан мен қала халқы да атсалысып, өздері жауапты болған сектор аумақтарына көшеттер екті.
Үшінші мегаполистегі Қазақстан халқы Ассамблеясында түрік этносының Қазақстанда тұрып жатқанына 75 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Шымкентте ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгін аталмыш орынды аралау барысында мәлімдеді.
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы мен "Серпіліс" қоғамдық қорының бастамасымен "Шымкент – мәдени астана" деп аталатын экспедиция қала аумағындағы киелі орындар мен тарихи, сәулет ескерткіштерді аралады.
Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы дәрежесін 9 желтоқсанда Белоруссияның Брест қаласынан салтанатты түрде қабылдап алады. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.а. Ғалия Шарафиева БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Үшінші мегаполистегі қалалық жастар ресурстық орталығында 8 қараша – халықаралық жайдарманшылар күніне орай маусымдық ойынның жартылай финалы өтті. Жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойындар нәтижесінде республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтары дайындалады.
Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарына өткізілетін байқау жарияланды. Бұл нысандардың орналасатын жері да айқындалған. Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші – Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратының артындағы саябақтың аумағына, Абай Құнанбайұлы ескерткіші Абай саябағының кіреберіс аумағына орнатылмақ.