Түркістан облысында 10 ақын-жазушының кітабы шығарылып, 25 қаламгердің сайты құрылады
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Оған зиялы қауым, өлкетанушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Ол облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.