Отырар ауданы: Ұлттық Домбыра және Астана күні мерекелері қатар тойланды
Елімізде жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 6 шілде – Астана күні мерекесімен қатар тойлануда. Осы орайда бүгін Отырар ауданында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік жиын өтті. Еліміздің бас қаласы – Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Астана – арман қала» және «Күмбірле, киелі домбыра!» атты мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, тұрғындарды қатар келген қос мерекемен құттықтады.