Отырар: 25-қазан Республика күні мерекесіне орай спорт кешені пайдалануға берілді

25-қазан Республика күні мерекесіне орай, Отырар ауданы, Отырар ауыл округі, Мөлке Шойманов ауылының азаматы Нұрашов Нұржан туған жеріне жабық спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, салтанатты түрде ашты.

Отырар: 57 мың гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылған

ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасымен және ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Отырар ауданындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілген.

ТҮРКІСТАНДА КІРПІШ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Қытайлық «Jemchug Power» компаниясы Түркістан облысынына 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Шетел инвестициялары тәулігіне 400 мыңға жуық кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы жобасын ұсынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық алпауыт компания өкілдерімен кездесіп, маңызды мәселенің мән - жайын талқылады.

Өз кезегінде, облыс басшысы аталған жобаны «Түркістан» Арнайы экономикалық аймақтың аумағында және Ордабасы ауданындағы «Қазақ-Түрік» Индустриалды аймақта жүзеге асыруға шақырып, тиісті қолдаулар (инфрақұрылымға, мемлекеттік қолдауларға қол жетімді болу және т.б.) көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен бірге, отырыста облыс төңірегінде бірқатар нысандардың салынуын және құрылыстың қарқындылығын ескере отырып, аталмыш зауыттың қажеттілігі айтылды.

Бұл ретте, қытайлық инвесторлар зауытқа лайықты орындармен және шикізатты алатын жер қойнауларымен танысып, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде аймақ басшысы жобаның жоспарлы түрде іске асуына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни, нысандарды салуға арналған жер телімдерін бөлу және құжаттарын әзірлеп, онда тартылатын инфрақұрылым мәселелері толығымен әкімдік тарапынан жүзеге асырылатын болады.

Түркістан: Дін сұрақтары мен ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша секторға маман қажет

Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары мен ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша секторға бас маман қажет. Орташа лауазымдық айлықақы - 236 338.Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Гуманитарлық ғылымдар, 

Құқық, 

Қызмет көрсету (білім беру саласы), 

Білім (білім саласы), 

Тарих, 

Философия, 

Мәдениеттану, 

Филология, 

Дінтану, 

Шығыстану, 

Шетел филиологиясы, 

Теология, 

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), 

Әлеуметтану, 

Саясаттану, 

Психология, 

Журналистика, 

Аймақтану, 

Мемлекеттік және жергілікті басқару, 

Қоғамдық байланыс, 

Әлеуметтік жұмыс, 

Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, қаладағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттің ішкі саясатын іске асыруының барысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы мен «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау т.б. жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді; Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық  саясатты іске асырады /арнайы іс-шаралар мен медиа-жоспарлар әзірлейді, олардың орындалу барысына талдау жасайды/; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  аймақтық мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның  жүзеге асырылуын үйлестіреді; Қала аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтауын үйлестіруді  жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен БАҚ қоғамдық өкілдерімен бірлескен жұмыстарды жүргізеді; Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жария ету жөнінде аймақтық электрондық және баспа БАҚ мониторингін  жүргізеді; Қаладағы қоғамдық саяси ахуалды болжауға бағытталған және түрлі әлеуметтік мәселелері бойынша тақырыптарда социологиялық зерттеулер жүргізеді; Халықты «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын Түркістан қаласында жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Бөлімнің құзіретіне кіретін жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз етеді, қала әкіміне ақпараттық-сараптау материалдарын дайындайды; Қала әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу кеңесінің жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасының атаулы мен мерекілік күндерін атап өту бойынша және қала әкімдігі мен әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық-идеологиялық шараларының жоспарларын дайындайды; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз саласы бойынша қалалық деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады; «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өзіне тиісті жеке мәліметтерді (бұйрыққа негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбалар, бағалау парақтары т.б) тек автоматтық режимде енгізеді және жолдайды; Электронды құжат айналымын реттейтін бағдарламаларға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді; Бөлімде қабылданған ішкі еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізеді, қызметтік тәртіптік сақтайды; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары орын алған жағдайда , жоғары тұрған қала әкіміне немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдардың назарына дер кезінде жеткізеді; Жүктелген міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

«Түркі дүниесінің келешек келбеті – 2040» атты халықаралық семинары өтті

Түркілер төрі саналатын рухани шаһардың білім ордасында «Түркі дүниесінің келешек келбеті – 2040» атты халықаралық семинар өтіп жатыр. Маңызды жиын аясында түрлі тақырыптарды қамтитын пленарлық отырыстар өтуде. Аталған шараға түркі мемлекеттерінен келген өкілдер мен оқытушылар және білімгер жастар қатысты.

Түркі әлемінің экономикалық мәселелерін талқылап, түрлі ұсыныстар айтылған пленералық отырыста маңызды дүниелер ортаға салынды. Онда Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Қазақстан өкілдері өз елдерінің экономикалық жағдайларын айтып, отырыс тақырыбына сәйкес ұсыныстарын жеткізді.
Мәселен, елдегі мұнай бағасының әр өңірде әртүрлі бағада қойылуы бойынша баяндама жасаған оқытушымыз Сәбит Баймағанбетовтың сөзін, доктор, профессор Али Рыза Гөкбунар қуаттап, алдағы уақытта қара алтын арқылы түркі мемлекеттеріне бірегей дәліз қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері арасындағы білім деңгейі мен өзара ынтымақтастық жайында баяндама жасаған Қырғызстандық өкіл доктор, профессор Сейіл Нажимудинова QS рейтингісі бойынша Түркия алғашқы орынды иеленсе, екінші орында Қазақстан екендігін айтты. Егер осылай бірігіп, тәжірибе алмасу мен ортақ құндылықтарды жүзеге асыратын болсақ түркі мемлекеттері арасындағы білім деңгейі көш бастайтын болады деді.
Экономика саласын талқылаған пленарлық отырыста айтылған маңызды ұсыныстың бірі-ортақ қаржы институттарын құру және қауіпсіздікті күшейту, яғни қорғаныс саласын жетілдіру.
Осылайша ілкімді дүниелер сөз болған алқалы отырыста бауырлас елдердің экономикалық байланыстарын нығайту, қаржы институттарын, көлік-транзит саласын жетілдіру, су-ресурстарын тиімді пайдалану, білім беру ісінде ынтымақтастықты нығайту сияқты маңызды бағыттар талқыланды.
Айта кетейік, халықаралық семинарда талқыланған, қаралған баяндамалар мен ұсыныстар 2022 жылдың 11 қараша күні Самарқан қаласында өтетін Түркі тілдес мемлекеттері ұйымының саммитіне ұсынылатын болады.

ШЫМКЕНТТЕ «БІРЛІК АЛАҢЫ» КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

25 қазан – Республика күніне орай үшінші мегаполистегі Достық үйінде «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, қалалық Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, жастар қатысты.

– Баршаңызды 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылы егемендік декларациясы қабылданып, Қазақстан халқына үлкен үміт сыйлаған болатын. Содан бері талай заман өтсе де тарихи даталар өзгеріске ұшырамақ емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы мерекеге мемлекеттік мейрам мәртебесі қайтарылды. Бұл мемлекеттіктің белгісі ғана емес, елімізде тату-тәтті өмір сүріп отырған біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың жемісі деп айтсақ та болады. Біз – Қазақстан халқы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» отырмыз. Бірлігіміз бекем. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірлерде осындай орталықтар құру туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес қаламызда «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

«Бірлік алаңы» орталығының жұмысы 4 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 7 қоғамдық құрылым мен 17 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру. Екіншісі – қоғам тұрақтылығын нығайту мәселесі бойынша халықтық жобаларды іріктеу, оларға қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру. Үшіншіден – «Ассамблея жастары» ұйымы шеңберінде жастардың диалог алаңын қалыптастыру, дебаттар, пікір-сайыстар ұйымдастыру. Төртіншісі – мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі бағыттар бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырып, өткізу.

Жиында Шыңғыс Жұмабекұлы ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматқа марапат табыстады. Атап айтқанда татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков, Әл-Фараби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Нуриниса Досметова және еврей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Белла Атран марапатталды. Сонымен қоса ҚХА «Құрмет» грамотасымен «Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динмұхамед Искендиров, ал татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухаметова, иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Мали Сулеймани, күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Исмат Сулайманов Алғыс хатпен марапатталды.

Жиын соңы «Қазақ дастарханы» іс-шарасына ұласып, қонақтар түрлі этномәдени бірлестіктер қойған дәмнен ауыз тиді. Ал жастар алғашқы дебаттарын өткізді.

Бәйдібектік тәртіп сақшылар жасөспірімдермен кездесті

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында кездесу өткізілді.

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең көлемде жиын өтті. Кездесуге аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдаулет Әжібеков, ақсақалдар кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, құзырлы органдар білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу, жолын кесу мәселелері талқыланды. Осы жөнінде полиция басшысы Н.Әжібеков баяндама жасады. «Елімізде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс саны артып отыр. Олардың ішінде ұрлық, тонау фактілері жиі кездеседі»,- деп бастады баяндамасын ол. Н.Әжібековтың сөзінше, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1,1 мың кәмелетке толмаған жасөспірім тіркеліпті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1% жоғары. Олардың арасында,  78 қыз болған.Қылмыскерлердің 539-ы студенттер, тағы 510-ы жұмыс істемейді және оқымайды. 336 жасөспірім топтық құқық бұзушылық жасаған, оның ішінде ересектердің қатысуымен 158 адам. Олардың ішінде 71 жасөспірім құқық бұзушылыққа барған.Салыстырар болсақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде кәмелетке толмаған құқық бұзушылар саны жылына 23,3%-ға, 1 мың адамға дейін төмендеген. Өңірлік тұрғыда қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың басым бөлігі Алматы облысында болды: 118 адам – бір жыл бұрынғыдан бірден 32,6%-ға артық. Одан кейінгі орында Жамбыл (97 адам, +70,2%) және Түркістан (92 адам, – 24%) облыстары тұр.Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасағандардың ең азы Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген. Ұрлық жасаған кәмелетке толмағандардың 43,7%-ы бірден ұсталды (468 адам – бір жыл бұрынғыдан 7,1%-ға көп).Жасөспірімдер жиі жасайтын басқа қылмыстардың қатарында тонау (120 адам, жылына 23,7%-ға өсті), сондай-ақ бұзақылық (79 адам, 22,5%-ға төмендеді), алаяқтық (58 адам, жылына 7,4%-ға өсті) және басқа көлік құралын  ұрлау мақсатынсыз(47 адам, – 2,1%) заңсыз иелену фактілері болды.Еліміз бойынша статистикалық мәлімет келтірген полиция басшысы ағымдағы 9 айда атқарлған жұмыстарға да тоқталды. «Ағымдағы жылдың 9 ай көлемінде мүдделі органдармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алуға бағытталған «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім-заң-қауіпсіздік» іс-шарасы өткізілді. Білім беру ұйымдарында ата-аналармен және оқушылармен кездесулер өткізіліп құқықтық тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді»-деп атап өтті ауданның бас полицейі. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура, білім бөлімі және басқа да жергілікті құрылым қызметкерлерімен бірлесе білім беру орындарында, оқушылар арасында құқықтық тақырыптарда кездесулер өткізіліп, Қазақстан Республикасының Заң актілерінен түсіндірмелер берілді.

 

ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЙЛАУДЫ БАСТАП КЕТТІ

Шымкенттегі “Көрме” орталығында Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Оған шаһар басшысы М. Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары мен қызметкерлері, сот, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысты.

Бұл жолғы ісшара бұрынғысынан өзгерек. Алаштың айбынын асқақтатып, мерейін үстем ететін арнайы бейнероликтен басталды. “Егемен елдің” өткені мен келешегі сараланып, Ұлы дала халқының дархандығы мен дара көңілі көрсетілді. “Сазген сазы” фолькорлық-этнографиялық ансамблі “Бақтыбайдың күйімен” қазақтың сыры мен сазын әуелетіп жеткізді. Бұдан соң қала әкімі сөз алып, барша жұртты тарихи датамен құттықтады.

Республика күні - туған еліміздің егемендігі бастау алған күн. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдады. Дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.

Аттай 13 жылдан соң, дәл биыл Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған айтулы датаны барша халық қуана тойлауда.

Сын сағаттарда сүрінбей, еңсесін тік ұстай білген еліміздің жеңісті сәттерінен сөз саптаған шаһар басшысы Ұлттық мереке – Республика күніне Шымкент қаласының да зор жетістіктермен жеткенін қысқа-нұсқа баяндап берді.

- Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Үшінші мегаполиске соңғы 5 жылда 1,8 триллион теңге, ал биылғы жылдың 9 айында 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 530 миллиардқа жеткізуді жоспарлаудамыз, ол үшін нақты қадамдар жасалған-деді М.Әйтенов.

М. Дүйсенбекұлының айтуынша, қала экономикасы қарқынды дамып жатқан соң, соңғы 3-4 жылда инфрақұрылым мәселесі де шешімін тауып келеді.

Ауыз сумен қамтуда 32 нысан, электрмен қамтуда 28 нысан, газбен қамтуда 21 нысан құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту 93%-дан 98%-ға, электрмен қамту 91%-дан 97%-ға, тұрғындарға табиғи газ жеткізу 92%-дан 93%-ға өсті.

Инженерлік инфрақұрылым мәселесінің бір бөлігі 2023 жылы, ал 2025 жылы барлығы толық шешіледі.

“Осы және бұдан басқа да айтуға тұрарлық жетістіктеріміз бар. Бірақ бізге мұнымен тоқмейілсуге болмайды”-деген қала басшысы Шым шаһардың дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтардың бірпарасын сахна төрінде марапаттап, құттықтады.

Соңы Ж.Жексен, Б.Исаев сынды елге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Саурандық тұрғындар атынан тәртіп сақшыларына «Алғыс хат» келді

Бұл тұрғындар зейнеткер ұстаз Амит Тажибаев, ауыл ақсақалдары Төлбасы Құрманбеков, Абдусаттар Джаханов, «Алтын алқа» иегері Анжир Қожамбердиева. Аталған ауыл тұрғындары Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков пен осы басқарманың инспекторы полиция аға лейтенанты Жасдәурен Нұрғазиевке алғыстарын жаудырып, хат жолдады.

Нақтырақ айтсақ, ауыл үлкендері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін жазып, мемлекеттік органға өтініш қалдырған. Ал мұны тиісті құрылым қызметкерлері назарға алып, бірден зерттеп жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар көрсеткен аймақты түгел қарап, қандай да бір қажетті жол белгілерін қою мүмкіншілігін қарастырады. Нәтисінде зерделеу жұмыстары мәселенің оң шешілуіне ықпал етеді.

Атап айтсақ, Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінің 18-500 шақырымы толық тексеріліп, аталған жолға екінші жолмен қиылысатын 4 дана жол белгісі қойылады. Оған қоса 4 дана жаяу жүргінші өтпесі, 2 дана ең жоғары жылдамдықты шектеу (60) жол белгісі, 2 дана басты жол белгісі, 2 дана жол беріңдер белгілері орнатылады. Сондай-ақ жылдамдықты өлшейтін 2 дана «Сергек» бейнебақылау камералары қойылды.

Осы жұмыстардың атқарылуына тікелей септігін тигізген полицейлерге тұрғындар шынайы ризашылықтарын жеткізді. Өз міндеттерін кәсіби деңгейде орындаған, өзекті мәселені шешуге уақтылы көмектескен, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған жұмыстарына шексіз алғыстарын білдірді. Олар полицейлердің қызметтеріне сәттілік, ел мүддесі үшін жасалатын істеріне абырой тілеп, хатқа түсірді.