Отырарда «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы" атты акция өтті
Қәзіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатыр.
Қәзіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатыр.
Отырар аудандық соты 18.10.2022 жылы Отырар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралғанын хабарлап отыр. Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы 2022 жылғы 25 қыркүйекте көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы бойында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
2022 жылдың 25 қазанында Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында бәйдібектік полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Республика” күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара болып өтті. Мәжіліс зал төрінде шырқалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні мерекенің еліміз үшін қаншалықты мән-маңыздылығын сездіргендей болды.
Бұл іс-шараны Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдәулет Әжібеков ашып, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар полиция бастығы салтанатты түрде қызметінде абыройлы және кәсіби біліктілігімен танылған 20-ға жуық қызметкерді марапаттады.
Яғни полиция бастығы елімізді қорғауда аянбай тер төгіп жүрген полицейлерге алғыс айтты.
Республика күніне орай Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков құттықтау сөзін арнады: "Республика күні-егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын бейнесі. Осы тұста ел тыныштығын сақтауға қысы-жазы, күні-түні қызмет еткен полицейлердің еңбегін де айтыр өтуге болады. Яғни ішкі істер органдары саласында жылдар бойы қызмет етіп, еңбегі сіңген ардагерлер мен қоғамда бүгінгі күннің батырларына айналған тәртіп сақшыларының ерліктеріне айрықша тоқталғым келеді. Әсіресе қызметтік міндетін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген полиция капитаны Аян Хайруллаев, «Ерлігі үшін» төсбелгісін иеленіп отыр. Ендеше осындай ержүрек полицейлер қатары көп болсын!"-деп атап өтті.
Атап өтсек, тілсіз жаудан егде жастағы әйелді құтқарған Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Аян Хайруллаев, «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Төсбелгіні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ полицейлер ұйымдастырған мерекелік іс-шарада 62 ІІО ардагері, сонымен қатар полиция бөлімінің 45 қызметкері "Алғыс хатпен" марапатталды. Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен ұласты.
25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалынды жастар қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты.
Алдымен Әнұран шырқалып, ол отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. Облыс өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Осылайша, түркістандықтар Қазақстан көлемінде аталып өтіліп жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Түркістандағы «Рәміздер алаңындағы» тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр. Еліміздегі ең биік тутұғыр мен тудың бірі болып есептеледі.
Биыл 25 қазан ұлттық мереке ретінде аталып өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құттықтауында Республика күнінің мән-маңызына тоқталған болатын.
– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор. Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2022 жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.
Отырар ауданы Қоғам елдімекеніндегі Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауындағы реформаларды талқылау мақсатында аудандық мәслихаттың депутаты А.Құртаев пен аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Б.Жаппаров жиын өткізді.
Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл округінің әкімдігі тұрғындарды «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» жалпыұлттық акциясына шақырды. «Шәуілдір ауыл округі тұрғындарының назарына «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясына сәйкес, 15.10.2022 жылы Шәуілдір ауыл округінде сенбілік өткізу жоспарлануда. Сенбілікке меншік құқығына қарамай ауыл округінде тіркелген барлық мекемелерді, жеке кәсіпкерлерді, барлық тұрғындарды қатысуға шақырамыз.
Биылдан бастап 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі. Осыған орай Отырараудандық орталық кітапханасыжәне №20 Д.Құрманбек атындағы колледждің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «Асқақтай бер,айбынды Қазақстан» атты мерекелік кеш өтті.
Темір ауыл округіндегі Темір жалпы орта мектебінде келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу бағытында жоғары сынып оқушылар арасында кездесу жиыны өтті.
Отырар ауданы Маяқұм ауыл округіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу бағытында жоғары сынып оқушылары арасында кездесу жиыны өтті.