Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі конференцияны шақыру бастамасын көтергені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді.

Төрт өңірдің үздіктері Шымкентте бас қосты

Шымкент қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 20 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай дәстүрлі өңіраралық спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Жұмысшы мамандықтар жылы: Шымкенттегі жол-көлік колледжінің студенттері көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне жаңа серпін берді. Осы бастаманың аясында техникалық бағыттағы оқу орындары мен өндірістік мекемелер арасындағы серіктестік нығайып келеді. Мұндай оң үрдістердің бірі – Жол-көлік колледжі мен көлік саласындағы жеке кәсіпкерлердің табысты әріптестігі арқылы көрініс табуда.

Түркістан облысында жаңа оқу жылында 560 мыңнан астам оқушы білім алады

Түркістан облысында өткен 2024-25 оқу жылында 1093 мектеп қызмет атқарды. Оның ішінде 922-сі – мемлекеттік (84%), 171-і – жекеменшік. Биыл «Келешек мектептері» жобасы мен жаңа құрылыстар есебінен мемлекеттік мектептер саны 13-ке артып, 935-ке жетеді. Жаңа оқу жылында жобамен 1-11 сыныптарда 568 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтіліп отыр. 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған болса, бүгінгі таңда 32 893 оқушы қабылданды. Облыстағы білім ұяларының жаңа ооқу жылына дайындығы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысында заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты тоқтатылды

Өңірде пайдалы қазбаларды өндіретін 198 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 74-і келісімшарт ал 124-і лицензия негізінде жұмыс істейді. Жауапты басқарма мен құзырлы органдар тарапынан заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушы анықталып, жұмысы тоқтатылды. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі экологияға жауапты құзырлы орган басшыларына, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшысына заңсыздықтарды жоюды тапсырды.

Түркістан: Бәйдібек ауданында жаңғыртудан өтіп жатқан мектептердің құрылыс барысы тексерілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуді, білім ұяларының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қатаң қадағалауда ұстауды тапсырған болатын. Осы бағытта облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен жауапты басқарма өкілдері апта сайын аудан, қалалардағы мектептердің дайындығын зерделеп жүр.

Абай елінде Түркістан олысының мәдениет күндері өтті

Абай облысында Түркістан облысының мәдени күндері қорытындыланды. Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен жолға шыққан мәдени керуен абайлықтардың алғысына бөленді.

Түркістандық әлем чемпионы туған жерге оралды

Грекияның Афина қаласында өткен U-17 жасөспірімдер арасындағы әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының тумасы, Сауранның өрені Усманова Мадхия 57 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.