Түркістан қаласы: аппараттық мәжілісте инвестициялық жобалар талқыланды
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында 2025 жылдың ІІ тоқсаны бойынша негізгі индикаторлардың орындалу барысы мен қалаға инвестиция тарту мәселелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары қаралды.