ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда — шынайылық өзгереді

Еліміз бойынша жүздеген ауылдар өз еркімен спиртті ішімдіктерді сатудан бас тартуда. Бұл — қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім. Мәселен, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады.

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесті. Шымкент Сити, Асар, Ақжайық, Ынтымақ, Тұран және Қызылжар шағынауданының жергілікті халқы мегаполистің дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды ұсыныстарын білдірді.

ЕСКЕК ЕСУДЕН ТҮРКІСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Әлемнің Олимпиадалық астанасы – Лозанна қаласында (Швейцария) 13-16 наурыз аралығында Халықаралық ескек есу федерациясының (FISA) Дүниежүзілік конгресі өтті. Съезд жұмысына FISA федерациясының президенті Жан-Кристоф Ролланның шақыруымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиадалық спорт мектебінің директоры Денис Жәрменов қатысты.

САЙРАМ АУДАНЫ: АҚБҰЛАҚТАҒЫ 10 МӘСЕЛЕ ӨЗ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Басқосуда алдымен ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттер айтылды.

Созақта жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында, Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға үлестерін қосты.

Саурандық спортшы халықаралық аренада топ жарды

Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінің жас спортшысы Анвар Ойбекұлы ел намысын абыроймен қорғап, үлкен жетістікке қол жеткізді. «Jalil Abdullaev ziatkerlik mektebi»-нің 10-сынып оқушысы Анвар Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен 15-16 жасар жасөспірімдер арасындағы халықаралық бокс турнирінде 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.