Отырар ауданында саябақтар тазартылып, ағаштар әктелді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы Отырар ауданында кең көлемде жалғасын табуда. Осы мақсатта бүгін аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы «Ардагерлер» саябағында ауқымды сенбілік өтті. Экологиялық шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы қатысып, тұрғындармен бірге туған өлкені абаттандыру жұмыстарына атсалысты.