Түркістан қаласындағы әуежайда халықаралық пошта алмасу орны ашылды

Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан қаласы тек еліміз емес, әлем таныған аймақтар қатарына жатады. Сондықтан логистикалық HUB-тарды орналастыруға да қолайлы. Мысалы, өткен жылы Қазақстан арқылы 8 миллион сәлемдеме өткізілсе, биыл соның 2 миллионы осы өңір арқылы өтеді. Бүгін Түркістан халықаралық әуежайында Халықаралық пошта алмасу орны ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын ендіру кеңінен қолға алына бастаған

Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.

Түркістан: Мақтааралға инвестиция тарту жұмыстары жандана түспек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Мақтаарал ауданының әлеуетіне, осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

Ыстамбұл – Түркістан арасында жүк ұшағы қатынай бастады

Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына екі тарап қызығушылық танытып отыр. Айта кетерлігі, тауарды жинақтаушы «Kazakh Cargo» компаниясы болса, тасымалдаушы «Turkish Cargo» әуекомпаниясы.

Түркістан: облыс әкімі жетісайлық шаруалармен ағын су мәселесін талқылады

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары Жетісай ауданындағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің жетіспеушілігі мен каналдардың, арық-атыздардың дер кезінде тазаланбауы шаруалардың мол өнім алуларына кедергі келтіріп отыр.

Түркістан облысында жібек кластері дамитын болады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданында тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жібек кластерін дамыту мақсатында тұт ағашатарын отырғызуға болатын ауданның теңгеріміндегі 31,8 гектар жер қарастырылып отыр.

Түркістан: аппарат басшысы Beeline компаниясының өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі интернет желісінің сапасын жақсарту және шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында тиісті басқарма тарапынан операторлармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан: облыс әкімі Қазығұртта кәсіпкерлік саласын жандандыруды тапсырды

Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекенінде орналасқан «Асыл бастау KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «AQUA THE BEST» ауыз су өндірісін кеңейту жұмыстарымен танысты. Бұл кәсіпкерлік нысан 2020 жылы құрылып, бүгінде «AQUA THE BEST» ауыз су дайын өнім түрін өндіреді.