Шымкенттің өнеркәсібіне 1 млрд.750 млн.доллар көлемінде инвестиция тартылады

Шымкент қаласының әкім Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Өткен аптада мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырды.

Шымкент: Электр энергиясының бағасы талқыланды

«Жұлдыз» индустриялды аймағында Шымкент қалалық «Қоғамдық кеңесі» жанынан құрылған Ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтіп, индустриялды аймақта орналасқан кәсіпкерлердің электр энергиясының қымбаттауы бойынша арыздары талқыланды.

Отырар ауданы: көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбайдың жетекшілік етуімен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, ауыл округінің әкімдері мен су мұраптары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібіне көктемгі дала жұмыстарының барысы және 2024 жылы егістіктерді қажетті ағын сумен қамтамасыз етудің жай-күйі жөніндегі мәселелер енгізіліп, қызу талқыланды.

Отырар ауданы: шаруаларға мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған топ бүгін ауданға арнайы сапармен келіп, шаруалармен кездесті.

Отырар ауданында түйе және жылыжай шаруашылығы дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарында «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорында түйе сүті өңделіп, шұбат шығарылады.

Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер саны 224-ке жетті

Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, өткен жылы 6847 тонна балық өндірілген болатын. Биыл 7000 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Казиханов» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты.

Түркістан: облыс әкімі Қытай инвесторларымен бірлескен жобаларды талқылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

Түркістан: қаржы ұйымдары басшыларына шаруаларға қолдауды күшейту тапсырылды

Түркістан облысында дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл ретте облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен диқандарға көмек беру шаралары қолға алынған. Өңірдегі «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан да шаруаларға қолдау көрсетілуде. Таяуда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында аталған қаржы ұйымдары басшыларының есебі тыңдалды.