Түркістан: Сарыағашта кәсіпкерлік дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Түркістан: Келес ауданын дамыту жолдары талқыланды

Келес ауданының тұрғындарын не алаңдатады? Қандай мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде талқыланды. Мәселелер ашық айтылып, түйткілдер тарқатылды.

Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Тамшылатып суару және элиталық сорттардың тұқымын себу негізінде мақта-тоқыма кластерін құру – мақта өсіру алаңын қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Ал жаңбырлатып суару машиналарының өндірісі экстенсивті ауыл шаруашылығындағы жер аумағын азайтуға және ылғал сүйгіш дақылдардың өнім көлемін ұлғайтуға жол ашады.

Вице-премьер С.Жұманғарин Сарыағаш ауданындағы жылыжай иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады

Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, аудан басшысы Арман Абдуллаев қатысты.

Мақтааралда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды

Мақтаарал ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды. «Мырзашөл-құс» ЖШС-ң құс фабрикасы - ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Түркістан облысы: Су ресурстары және ирригация вице-министрі Шардарадағы бірнеше нысандарды аралады

Қазақстан Республикасынын Су ресурстары жене ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына іссапары барысында, Шардара ауданындағы бірнеше нысандарды аралады.